Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылыту маусымы 1 қазаннан басталады

Жылыту маусымы 1 қазаннан басталады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жылудың қашан берілетінін massaget.kz  тілшісіне айтты.

"Қазақстанда жылыту маусымы әлеуметтік инфрақұрылым үшін - шамамен 1 қазанда, тұрғын үйлер үшін – 15 қазанда басталады. Және әлеуметтік инфрақұрылым үшін – 25 сәуірде, тұрғын үйлер үшін – 15 сәуірде тоқтатылады. Бірақ бұл – қатып қалған қағида емес", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мамандар ауа райының өзгеруіне қарай шешім қабылдайды.

"Температуралық параметрлерге сүйенеміз. Үш-бес күн бойы ауа температурасы +8 +10 градусқа дейін төмендесе, жылу берілуі тиіс. Сәуір айында да үш-бес күн аралығында ауа райы +8 +10 градустан әрі қарай жылыса, жылу беру тоқтатылады", - деді Қ. Өскенбаев.


19 қыркүйек 2019 ж. 615 0