42500 теңгеге өтінім қалай қабылданады?
Елімізде орын алған ахуалдың күрделенуіне байланысты Мемлекет басшысы берілген тапсырмасына сәйкес келесі жұмыстар жүргізіледі:
1. Аз қамтылған көп балалы отбасыларына 2020 жылдың 3-тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 1 шілдеден бастап 1-2 тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алған отбасыларға автоматты түрде ұзартылды.
АӘК тағайындау кезеңіне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілді әлеуметтік топтама қоса ұсынылатын болады.
Көмекті алуға бірінші рет өтініш беретін азаматтар өтініштерін «e-gov» электронды порталы арқылы бере алады.
2. 2. Мұқтаж ететін азаматтарды тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікпен қамтамасыз ету
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
– 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
• барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
– мүгедек баланы тәрбиелеушілер;
– жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтар шілде айына 5567 теңгеден әлеуметтік төлем алатын болады.
3. Біржолғы әлеуметтік төлем (42500 теңге) шілде айында кірістен айырылу жағдайында бір рет тағайындалады және ең төмен жалақы мөлшерінде төмендегіше
Төленеді:
1) екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінен басқа), акцияларының және жарғылық капиталындағы үлесінің жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың жұмыскерлерін қоспағанда, жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлерге;
2) дара кәсіпкерлерге;
3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғаларға.
Төленбейді:
1) жұмыс берушінің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс алатын жеке тұлғаның қызметі шектеу іс-шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда;
2) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдарды қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысындағы немесе әлеуметтік демалыстағы адамдарға;
3) еңбек заңнамасына сәйкес тоқтап тұрудың енгізілуіне байланысты жұмысынан босатылған адамдарға;
4) ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бірыңғай жиынтық төлем төлеу фактісі анықталмаған
БЖТ төлеушілерге;
5) АҚС шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) кіріс алатын, ағымдағы жылғы
бірінші жартыжылдықта өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары түспеген жеке тұлғаларға;
6) зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылмаған адамдарға және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс күшінің құрамына кірмейтін, шектеу іс-шаралары енгізілген кезеңде алғаш рет БЖТ төлеген адамдарға;
7) толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға;
8) біржолғы төлем алушының жоғалтылған кірісі қалпына келтірілген жағдайда.
Облыстық, аудандық және қалалық деңгейде өтініштерді қарайтын арнайы штабтар жұмыс жасайды.
Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:
- egov.kz – «электрондық үкімет» веб-порталы;
- 42500.enbek.kzпорталы;
- telegram-bot-тар;
- Aituмессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.
Өтініштер ағымдағы жылдың 20 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін қабылданады.
Қатаң карантин кезеңінде тұрғындардың сауалдарына жауап беретін телефондар іске қосылды.
• Әлеуметтік көмекке байланысты - 8 (72436)21-5-72
• 42500 теңгеге байланысты - 8 (72436) 21-2-70
Көрсетілген байланыс телефондары арқылы жоғарыда аталған әлеуметтік төлемдерге қатысты қажетті ақпараттарыңызды алуларыңызға болады.