Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖТ: қалай және қайда төлеу керек?

БЖТ: қалай және қайда төлеу керек?

Көптеген бейресми жұмыс істейтін азаматтар 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін бірыңғай жиынтық төлем төледі. Бұл төлем бюджетке ай сайын төленуі керек.
Егер 2020 жылдың 1 тоқсанында Қызылорда облысында 15 мыңға жуық БЖТ төлеушілер тіркелген болса, осы жылдың сәуір айында олардың саны 96 мыңнан астам адамға жетті, ал ҚР бойынша 1 875,1 мың адамды құрады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов біздің тілшімізге өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар БЖТ-ді қандай кезеңділікпен, қалай төлеуді түсіндірді.
БЖТ-ді не үшін төлеу қажет?- Бірыңғай жиынтық төлем - бұл азаматтардың өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар санатын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін зандастырудың бір түрі. Бірыңғай жиынтық төлем үлесі мыналарды құрайды: 10% - жеке табыс салығы; 30% - БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері; 40% - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар; 20% - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар. Осылайша, егер азаматтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша аудармаса, олар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық қызметтердің түрлерін ғана ала алады. Қалған медициналық қызметтер, зертханалық зерттеулер, жоспарлы ауруханаға жатқызу - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті есебінен.
- БЖТ-ді кім төлеуі керек?
- Кез келген ниет білдіруші тұрғын табысы 1 175 АЕК-тен аспайтын немесе жылына 3,2 млн.теңгеге дейін, жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға өздері қызмет көрсететін азаматтар БЖТ-дің қатысушы бола алады. Оларға өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар немесе жалдамалы қызметкер, бірақ еңбек келісім-шартын жасамай немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жұмыс жасайтын азаматтар кіреді. Мысалы, үйде қызмет көрсететін репетиторлар, визажистер, үй қызметкерлері, шақыру бойынша слесарлар және тіпті өз бақшасынан артық өнімдерді сататындар, тағы да осы сияқтылар.
- БЖТ-ді  қалай төлеуге болады, қанша төлеу керек?
- Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін БЖТ-дің мөлшері 2 651 теңгені құрайды. Басқа елді мекендерде тұратындарға - 1 326 теңге.
Бірыңғай жиынтық төлемді бірнеше жолдар арқылы төлеуге болады. Бұл 24 Касса және Qiwi кассасының терминалдары. Төлемді енгізе отырып, сіз 5 минуттан кейін «сақтандырылған» мәртебесіне ие боласыз. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің кассаларында, олардын мобильді қосымшаларында, және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде БЖТ-ді төлеуге болады. Толық ақпаратты fms.kz сайтынан білуге болады.
БЖТ төлеушілер ЖСН арқылы төлем жүргізілетін күнтізбелік жылдың айын көрсете отырып дербес немесе үшінші тұлға олардың пайдасына төлей алады. БЖТ-ны күнтізбелік жылдың ағымдағы және келесі айлары үшін төленуі мүмкін, бірақ өткен кезең үшін төлеуге болмайды. Сондықтан аударымдар уақытында бөлінуі керек. Егер төлем қандай да бір себептермен дер кезінде төленбеген жағдайда, берешекті дербес төлеуші ретінде 1 ЕТЖ-дан 5% немесе 2 125 теңге төлеуге болады.
Қажет болған жағдайда БЖТ төлеуші мемлекеттік корпорациядан Бірыңғай жиынтық төлем үшін аударылған қаражаты туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
- Ресми түрде жұмыссыздыққа тіркелген азаматтарға БЖТ төлеудің қажеті бар ма?
- Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарынан 15 жеңілдікті санаттағы азаматтарды анықтады, оның ішінде ресми тіркелген жұмыссыздар. Олар үшін мемлекет аударым жасайды. Яғни олар аударымдарды төлемейді, бірақ «сақтандырылған» мәртебесіне ие.
Егер азамат осы санаттардың біреуіне жататын болса, бірақ бұл ретте сақтандырылмаған ретінде жүйеде көрініс тапқан жағдайда, оны анықтау үшін Азаматтарға арналған үкіметке ресми құжаттармен жүгінгені дұрыс. Жалпы, мәртебе автоматты түрде тағайындалады.
- Сұхбатыңызға рахмет.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
07 маусым 2020 ж. 837 0