Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Назарбаев бірыңғай жиынтық төлем туралы заңға қол қойды

Назарбаев бірыңғай жиынтық төлем туралы заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірыңғай жиынтық төлемінің мөлшері анықталатын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорданың хабарламасында. Бұл заң жобасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Бірыңғай жиынтық төлем: Кім және қанша төлеу керек? Еске салайық, мұның алдында Нұрсұлтан Назарбаев бірыңғай жиынтық төлем енгізуді тапсырған болатын. "Ең маңызды мәселелердің бірі өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту. Табысынан ешқандай төлем жасамайтындар бар және тиісінше, олар зейнетақы жүйесімен және әлеуметтік қолдау шараларымен толыққанды қамтылмаған.

Осыған байланысты қажетті заңнамалық өзгерістер жасалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды тіркеуді жеңілдету үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізу ұсынылады", - деген еді Мемлекет басшысы.

27 желтоқсан 2018 ж. 1 118 0