Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Вице-министр 42 500 теңгені кімдер екінші рет алмайтынын айтты

Вице-министр 42 500 теңгені кімдер екінші рет алмайтынын айтты

Әлеуметтік жәрдемақыны екінші рет алу үшін қосымша өтініш берудің қажеті жоқ, екінші төлем сәуір айының соңына дейін төленеді.

Төтенше жағдай кезінде жұмысқа шыққан азаматтарға 42 500 теңге екінші айға төленбейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айтуынша, әлеуметтік жәрдемақыны екінші рет алу үшін қосымша өтініш жазудың қажеті жоқ. Десе де, екінші төлем бәріне бірдей бұйырмайды. Оған себеп – кәсіпорындардың кезең-кезеңмен іске қосылуы. 20 сәуірден астана мен Алматы қаласында бизнестің кейбір субъектілері жұмысын бастады.

"Біз аудандық жұмыспен қамту штабтарымен бірге міндетті түрде деректерді салыстырамыз. Жұмысқа шығып, табысын қалпына келтіре бастаған жұмысшыларға екінші айға төленбейді. Бұл үшін egov.kz порталында арнайы форма әзірленді. Ол жерде кез келген адам жұмысына оралғанын хабарлап, төлемнен өздігінен бас тарта алады", - деді Мұқышев әлеуметтік желідегі тікелей эфир


22 сәуір 2020 ж. 708 0