Дубайдағы ЭКСПО-2020-ға Қазақстан 9 миллиард теңге жұмсады

Дубайдағы ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесіне қатысуға қазақстандық павильонды дайындауға шамамен 9 миллиард теңге жұмсалды, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
"Біздің павильонды дайындау бойынша жұмыс жүргізілді, алдыңғы жылдары бюджеттен шамамен 9 миллиард еңге бөлінді. Бұл павильон бөлшектеліп, осы қаражаттың есебінен Қазақстанға әкелінеді. Ол өз өнімдерімізді аймақта немесе елордада шығаруына жалғастыратын болады", - деп сендірді ол.
Сұлтановның сөзіне қарағанда, қазақстандық павильон "Мүмкіндіктер" тақырыптық кластерінде болады екен. Оның жанында АҚШ, Монако, Швейцария, Люксембург, Италия, Түркия және Беларусь сияқты мемлекеттердің павильондары орналасады.
"Цифрландыру, ғарыш, көлік, логистика, туристік және еліміздің инвестициялық әлеуеті саласындағы жетістіктеріміз кең көлемде ұсынылады. Біз алты ай ішінде павильонның сыйымдылығы екі миллион адамнан асады деп жоспарлап отырмыз", - деді министр.