Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 жасар бала – әлемнің ең бай блогері

7 жасар бала – әлемнің ең бай блогері


Әлемдегі ең көп ақы төленетін YouTube блогері - Ryan ToysReview арнасының авторы, Ryan атты жеті жасар бала атанды. Ол балалар ойыншықтарын көрсетумен танымал болды. Видеохостингінің ең бай өкілдерінің рейтингі Forbes басылымында жарияланды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
2017 жылдың 1 маусымынан бастап 2018 жылдың жазына дейін Райан серіктестері мен жарнама берушілердің есептеуіне сәйкес 22 миллион доллар тапқан. Ryan ToysReview арнасының 17 миллион көрермені бар.
Ең бай блогерлер рейтингінде екінші орында Логан Полдың інісі Джейк тұр. Ол биыл 21,5 миллион доллар тапқан. Желі қолданушылары оның видеоларын 3,5 миллиардтан аса рет көрген.
Былтыр Логан Палдың табысы 14,5 миллион доллар ғана шықты және рейтингте соңғы, оныншы орынға жайғасты. Бұл блогер өзін-өзі өлтірген адам денесінің видеосын жариялағаннан кейін шыққан жанжалға байланысты болды. YouTube әкімшілігі Полдың арнасына ірі жарнама берушілермен серіктестік орнатуға тыйым салды.
Әлемдегі ең танымал блогері PewDiePie (Феликс Чельберг) 15,5 миллион доллар табыспен сегізінші орынға ие болды.
Сондай-ақ Forbes тізіміне геймер DanTDM, бет әрлеуші Jeffree Star және видеоойындар комментаторы Jacksepticeyе сияқты YouTube-тың танымал адамдары кірді.
Бұрындары PewDiePie лақап атымен белгілі Феликс Челберг T-Series блогы оны көрермендердің саны бойынша басып озатынын айтқан. Ол қарсыласына соғыс жариялап, ізбасарларын үлкен армия құруға шақырды.

04 желтоқсан 2018 ж. 1 063 2

Гость JeaOrer от 27 ақпан 2019 20:04
Ceftin http://xzanax.com Et Priligy Viagra Ensemble Cephalexin Birth Control

Гость JeaOrer от 16 наурыз 2019 02:13
Lasix Generique India Pharmacy Zoloft Levitra Wofur viagra Viagra A Partir De Quel Age