Тарихи тұлғаларды тығырықтан шығарған жауаптар
Кейде қисынсыз, қағытпа сұраққа ұтымды жауап ойға бірнеше сағаттан кейін келуі мүмкін. Ал дер кезінде ұтқыр жауап беру жоғары интеллектіні талап етеді. Тарихи тұлғалардың сондай бейстандарт диалогтары тарау-тарау жинақтарға еніп, риторикаға айналып кетті. Назарыңызға тарихи тұлғаларды тығырықтан шығарған жауаптар легін ұсынамыз. Илька Чейз vs Белгісіз актриса
Актриса: Маған сіздің кітабыңыз өте ұнады. Оны сізге кім жазып берді?
Чейз: Сізге ұнағанына қуаныштымын. Ал оны сізге кім оқып берді?Роберт Бенчли vs Формадағы адам
Бенчли: Кешіріңіз, маған такси шақырып бере аласыз ба?
Формадағы адам: Мен сізге қызметкер емеспін. Мен Әскери Теңіз Флотының адмиралымын.
Бенчли: Адмирал? Онда крейсер шақырыңыз!Джеймс Макнейл Уистлер vs Оскар Уайльд
Уистлердің әзілінен кейін
Уайльд: Бұл әзілді мен айтайын дегенмін.
Уистлер: Айтарсыз, Оскар, міндетті түрде айтарсыз.Эрнест Хемингуэй vs Уильям Фолкнер
Фолкнер: Эрнест, мен оқырман түсінбей қалатын ешбір сөзді қолданбаймын.
Хемингуэй: Байғұс Фолкнер. Сіз, расында, күшті эмоцияны ақылды сөздерден шығады деп сенесіз бе?Уинстон Черчилль vs Бернард Шоу
Шоу: Мен сіз үшін премьераға екі билет алып қойдым. Өзіңізбен бірге досыңызды да ерте келіңіз. Досыңыз болса, әрине.
Черчилль: Премьераға бара алмаймын. Бірақ келесі сеансқа барамын. Егер ол болса, әрине.Мириам Хопкинс vs Аноним орындаушы
Әнші: Білесіз бе? Мен дауысымды 50 мың АҚШ долларына сақтандырып қойдым.
Хопкинс: Керемет. Ал дауысыңыз сол сомаға тұрарлық па?Вольфганг Амадей Моцарт vs Жас музыкант
Жас музыкант: Моцарт, мен симфония жазуды ойлап жүрмін. Оны қалай бастау керек екенін айтып жібересіз бе?
Моцарт: Симфония – өте күрделі музыкалық форма. Оңай құрылымнан бастаңыз. Сосын біртіндеп симфония жазуға үйреніңіз.
Жас муызкант: Бірақ, Моцарт, сіз 8 жасыңыздан симфония жаздыңыз емес пе?
Моцарт: Иә, бірақ мен оны ешкімнен сұрамаған едім.Кельвин Кулидж vs Ақ үйдегі кешкі астың қонағы
Қонақ: Кулидж мырза, мен досыммен сізді әңгімеге тарта аламын деп бәстестім. Сіз шынымен сөзге шорқақсыз ба?
Кулидж: Сіз жеңілдіңіз.Оскар Уайльд vs Льюис Моррис
Моррис: Маған қарсы қастандық ұйымдастырылып жатыр. Үнсіздік қастандығы. Енді мен не істеуім керек?
Уайльд: Қосылыңыз.Нильс Бор vs Тілші Бор үйдегі есігінің үстіне таға қағып жатқан еді.
Тілші: Сіз осы тағаның сәттілік алып келетініне сенесіз бе?
Бор: Әрине, жоқ. Бірақ мен оған сенбейтіндерге де бақ алып келетінін естігенмін.
Авраам Линкольн vs Шетелдік елші Линкольн бөлмесінде өзінің аяқ киімін тазалап жатқан еді.
Елші: Линкольн мырза, сіз бәтеңкеңізді өзіңіз тазалайсыз ба?
Линкольн: Иә, ал сіз кімнің аяқ киімін тазалайсыз?Сенатор Фриц Холлингс vs. Генри Макмастор
Оппонент өзінің есірткіні пайдалану тестінен өтуі керектігін білген соң айтқаны.
Холлингс: Мен есірткі тестінен өтуін өтемін-ау, бірақ алдымен сіз IQ тестінен өтуіңіз тиіс.
Толығырақ: https://massaget.kz/