Шетелге шыққанда қажетті тіркестер
Шетелге барып демалуға көбінің қалтасы жұқа екені хақ. Бір адамның өзіне жол, қонақүй, тамақ т.б. шығындар жетерлік. Біреу болса, жалғыз саяхаттауға жүрексінеді. Ал кейбіреулер шет тілін меңгермегендіктен, баруды жөн көрмейді. Егер шын ниетпен саяхаттауды армандасаңыз ешнарсе кедергі бола алмайды.Тілді де жылдам меңгеруге серпін таба аласыз. Тіпті ағылшын тілін білмей шетелге шығып, күн көруге болады. Төмендегі сөз тіркестерін қолдану арқылы шетелде жүргенде кез келген түсініспеушіліктен шыға аласыз.
1. Hello/Good bye - Сәлем/сау болыңыз
2. Good morning!/Good afternoon!/Good evening! – Қайырлы таң!/Қайырлы күн!/Қайырлы кеш!
3. Please/Thank you - Өтінемін/Рақмет
4. Sorry – Кешірім өтінемін
5. I don't understand - Түсінбедім
6. Please speak more slowly – Өтініш, шамалы баяу сөйлесеңіз
7. Could you repeat that? – Сөзіңізді қайталап жібере аласыз ба?
8. What is your name? – Сіздің есіміңіз кім?
9. My name is ... – Менің атым ...
10. Nice to meet you! – Танысқаныма қуаныштымын!
11. How are you doing? – Жағдайыңыз қалай?
12. Can you help me? – Сіз маған көмектесе аласыз ба?
13. Let's go to (movie, theatre) ... – (Кино, театр) бірге барсақ ...
14. I'm looking for ... – Мен ... іздем жатырмын
15. Where is . . . the bathroom, restaurant, museum, hotel, beach, embassy? – Дәретхана, мейрамхана, мұражай, қонақ үй, жағажай, елшілік ... қайда?
16. How do I get to ..? – ... қалай жетсем болады?
17. How do you say this? – Мына зат қалай аталады? (затқа нұсқау арқылы)
18. How much is this? – Мынау қанша тұрады?
19. Can I ask you a question? – Сұрақ қойсам бола ма?
20. I am from . . . . – Мен ... (Қай елден келгенін айту үшін)
21. Can you help me practice English? – Ағылшын тілін тәжірибе жүзінде дамытуға көмектесе аласыз ба?
22. Could you write it down on paper? – Осыны қағазға жазып бере аласыз ба?
23. What does this word mean? – Мына сөздің мағынасы қандай?
24. I am hungry – Менің қарным ашты
25. I am thirsty – Мен шөлдедім
26. I am cold – Мен тоңып қалдым
27. I am feeling sick – Менің денсаулығым нашар болып тұр
28. How do you use this word? – Мына сөзді қалай дұрыс қолдануға болады?
29. Did I say it correctly? – Мен мұны дұрыс айттым ба?
30. What time is it? – Сағат қанша болды?
31. This food is amazing! – Мына тағам тамаша екен!
32. I need to go now – Мен кетуім керек
33. Today, yesterday and tomorrow – Бүгін, кеше және ертең
34. Can you give me an example? – Маған мысал келтіре аласыз ба?
35. Please wait a moment. – Сәл күте тұрыңыз, өтініш
36. Excuse me! – Кешірім өтінемін (біреудің назарын аударту үшін)
37. I'm sorry to bother you – Сізді мазалағаныма кешіріңіз
38. Does anybody here speak Kazakh? – Мұнда біреу қазақша сөйлей ала ма?
39. I don't speak English very well – Мен ағылшынша өте нашар сөйлеймін
40. I speak English a little bit – Мен ағылшынша аздап білемін
41. I need an interpreter – Маған аудармашы керек
42. Where can I buy ...? – ... қайдан сатып алсам болады?
43. That's (too) expensive – Бұл (тым) қымбат
44. I'll take one / it / this. – Мен мынаны аламын
45. I like this. – Маған мынау ұнады
46. I don't like that – Маған мынау ұнамады
47. Can I pay by credit-card? – Пластикалық картамен төлесем бола ма?
48. Can I exchange this? – Мынаны ауыстыруға бола ма?
49. That's all, thanks – Осымен болды, рақмет
50. Excuse me, where can I get a taxi? – Кешіріңіз, таксиді қайдан шақырсам болады?
51. This address, please – Мына мекенжай бойынша, өтініш!
52. Drive me to the airport/hotel/city center – Мені әуежайға/қонақ үйге/қала орталығына жеткізіп саласыз ба?
53.When does the bus to Boston leave? – Бостонға автобус қаншада жүреді?
54. Stop here, please. – Осында тоқтаңыз, өтініш
55. I'd like a ticket to...- Маған ... (қала, мекен аты) дейін билет беріңіз
56. When does the check-in begin? – Тіркеу қашан басталады?
57. Where can I return my ticket? – Мен билетімді қайда өткізсем болады?
58. Here are my passport and custom declaration – Мынау менің паспортым мен шекара декларациясы
59. Here is my luggage – Мынау менің жүгім
60. It is a business trip – Бұл кәсіби саяхат
61. It is a turistic visit – Бұл туристік саяхат
62. I travel with a group – Мен туристік топпен бара жатырмын
63. I want to book a room – Мен бөлмеге алдын ала тапсырыс бермек едім
64. I want a room with BED AND BREAKFAST – Мен таңғы ас берілетін бөлмеге тапсырыс бермек едім
65. Non-smoking, please. – Темекі шегуге тыйым салынады
66. Here you are – Міне, алыңыз
67. Keep the change – Артық ақшаны өзіңізде қалдырыңыз
68. Could I have the bill? – Түбіртектік алсам бола ма?
69. The сhange is not correct – Төлемнің артығын дұрыс есептемедіңіз
70. Could you break this 100 (hundred) dollar bill? – 100 АҚШ долларын майдалай аласыз ба?
71. What size is this sweater? – Тоқыма киімнің өлшемі қанша?
72. I want to try it on. – Мен мұны киіп көргім келеді
73. I need ... – Маған ... керек
74. I want to book a TABLE – Мен дәмханадағы орынға тапсырыс бермекпін
75. I'd like... – Мен ...
76. I do not eat meat. – Мен ет жемеймін
77. I agree. – Мен келісемін
78. With pleasure. – Әрине
79. I see. – Түсінікті
80. I am busy. – Мен қазір бос емеспін
81. No, thank you. – Жоқ, рақмет
82. I am sorry, but I can’t. – Кешіріңіз, мен жасай алмаймын
83. Thank you so much! – Көп рақмет!
84. You are welcome! – Мархабат!
85. Best wishes! – Аман болыңыз! (көбіне қоштасқанда қолданылады)
86. Congratulations! - Құттықтаймын!
87. Happy birthday! – Туған күніңізбен!
88. I wish you all the best! – Мен сізге бар жақсылықты тілеймін!
89. Have a good time! – Уақытыңызды жақсы өткізуіңізге тілектеспін!
90. Have a good holiday! – Жақсы демалыңыз!
91. Have a good trip! – Сәтті сапар тілеймін!
92. Take care! – Өзіңізге абай болыңыз!
93. Good luck! - Сәттілік!
94. See you (later)! – Кездескенше күн жақсы!
95. See you soon! – Жуырда кездесерміз!
96. I need help – Маған көмек керек
97. I'm lost – Мен адасып кеттім
98. I have an emergency. Please call for help – Мен қиын жағдайға тап болдым. Көмек шақырыңыз!
99. Call the police! – Полиция шақырыңыз!
100. Call for a doctor! – Дәрігер шақырыңыз