Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақтау сөз айтылса ыңғайсызданып қаласыз ба?

Мақтау сөз айтылса ыңғайсызданып қаласыз ба?


Сізді біреу-міреу мақтап, жақсы сөздер айтып жатса және оны сіздің көзіңізше айтып жатса ыңғайсыз күйге түсесіз. Енді осы мақтау сөзді қалай көтеру керек?

Неліктен мақтау сөз айтылғанда ыңғайсыз күйге түсетініңізді анықтап алыңыз. Егер сіз де сондай адамдардың қатарынан болсаңыз оның айтқан сөздеріне сенбейсіз, сөйтіп бейсаналы түрде айтылып жатқан ақпаратқа назар аудармайсыз. Қошемет сөз айтылғанда оған сеніңкіремеудің бірнеше себебі бар: мүмкін сіздің орныңызда басқа біреу болса бұдан да жақсы нәтижеге жетер ме еді; мақтау айтқан адамның сізге бір өтініш айтқысы келгендіктен, ұпай жинағысы келгендіктен осы іске барып тұрғаны деп ойлау; сарказм немесе оның айтылған мақтауының астарында жаман ой жатыр деп қабылдау. Мақтау сөзге сенбейтін адам өзіне де, мақтау сөз айтқан адамды да бағаламайтынын көрсетіп алады. Қайтсе де оның сөзінен өзге бір астар іздеп, жалтаратынымыз да заңдылық.

Қарапайымдылық: егер мақтау сөзге сеніңкіремей, сол айтылған мақтаудың шын екеніне күмәндансаңыз тағы да бір рет ойланып көріңіз. Қарапайымдылықтың да шегі бар. Кейде тіпті қарапайымдылық сіздің имиджіңіздің құртылуына септігін тигізуі мүмкін. Егер сіз бұған дейін тек мықтылармен, өзіңізбен салыстырғанда күштірек адамдармен санасатын болсаңыз бұл ісіңіздің тек өзіңізге қатерлі екенін ұғыңыз. Өзіңіздің мақтауға лайық қасиеттеріңіз бен жетістіктеріңізді құрметтеуді үйреніңіз.

Сенімсіздік: егер мақтау айтылғанда оның қандай мақсатта айтылып тұрғанын білмегендіктен қабылдамасаңыз, өзіңіздің мәдениетсіздігіңіз бен жаугершілігіңізді көрсетіп аласыз. Бұл жағдайда ол адамды жағымпаз етесіз немесе сіздің алдыңызда өзінің жеке шаруаларының болуы себепті ұпай жинағысы келетіндігіне қарсы тұрғандай боласыз. Иә, ондай нашар әдетті бойында ұстайтын адамдар жоқ емес. Бірақ мақтау айтқан әр адамды айыптай бергеніміз де дұрыс емес. Себебі көпшілік адам өздерінің шын тамсанғандығынан мақтау айтады. Мақтау сөзге күмәнмен қарау адамның өмірге деген жеңіл көзқарасын білдірсе керек.

Мақтау сөзге лайық болу: Егер сіздің тарапыңызға айтылған мақтау сөзден кейін қарсы қошемет сөз айтатын болсаңыз, онда сіздің адамдарға ұнағыңыз келетін қасиетіңіз бар. Сөйтіп, өзіңіздің қандай да бір мықтылығыңыз бен жақсылығыңызды жуып-шайып жібересіз. Егер сіз «Мен мұндай мақтауға лайық емеспін, мұны айтып тұрған адамның өзі сол сөздерге әбден лайық!» дейтін болсаңыз өзіңіздің еңбегіңізді жоққа шығарасыз. Кейін өзге адамдар сіз туралы жақсы ойда болмай жатса таңғалудың қажеті жоқ.

Сол үшін мақтау сөзді өз күшіңізге сенімді екеніңізді көрсететін жатығу деп қабылдаңыз. Өзіне сенімді адам өз құнын біледі және мойындауды бағалайды. Ол айтылған мақтауға ешқашан қарсы шықпайды. Бұдан басқа, мақтау сөз айтылған соң «Рақмет, мұныңызды бағалаймын» немесе «Құрметіңізге рақмет» деп бірден әрі сенімді айтсаңыз басқандай бір себеп-салдарлы ойлардан бірден арылатын боласыз.

Мақтау сөздің мәнін ұғыңыз. Қошемет сөз айтылған кезде оны қабылдасаңыз, айтып тұрған адамның тұжырымына, ой қорытуына сенім білдіресіз. Қабылдау – оның сөзін бағалайтыныңызды көрсетеді. Сонымен қатар, жақсы сөздің айтылған тұсындағы процесске мән беріңіз. Ал оның мазмұнын кейін ойлансаңыз да жетіп жатыр. Бастысы өзгеге деген сенімсіздік пен күмән ойды ұмытып, көтеріңкі көңіл-күймен әрмен қарай әңгімені жалғастыру. Мақтау сөзді қалай қабылдайтыныңызды шешіп алыңыз. Енді сіз мақтау сөзді кері қайтармау керектігін ұқтыңыз. Ал соны қабылдаудың қандай түрлері бар? Барлығы, әрине, ситуацияға және сіздің қабылдауыңызға байланысты. Тіпті дәл қандай сөздер айту керектігін де біз бен сіз қарастырып көрейік. «Көп рақмет» немесе жәй ғана «рақмет». Бұл сөздер әр жағдайда қолдануға келе береді. Тіпті мақтау сөзді қасақана естіп қалғаныңызда осы сөздерді айтуыңызға болады. Ал мақтау айтып, бағаңызды айтып қуантқан адамға да құрмет көрсеткіңіз келсе, мынадай сөздер сізге көмекке келеді:

«Рақмет, құрметіңізді бағалаймын».
«Рақмет, мұндай сөз естігеніме қуаныштымын».
«Рақмет, көңіл-күйімді көтердіңіз».
«Рақмет, мен үшін бұл үлкен құрмет».
«Рақмет, сіз сондай жақсы адамсыз».

Бұдан басқа да жауап беру түрлері бар:

«Рақмет. Қуаныштымын. Байқағаныңызға алғыс білдіремін».
«Бұл жобаға өзімнің де қызығушылығым болды. Көңіліңізге рақмет».
«Маған да ұнайды. Бұл затты сатып алу үшін көп жыл ақша жинадым».
«Жұмысым өзіме ұнайды. Сізге ұнағанына қуанамын. Рақмет».
«Рақмет. Мен шын мәнінде тырыстым».

Бұл сөздер сіздің әлденені шын беріліп жасаған кезіңізде айтылатын мақтау сөздерге жақсы жауап. Сіздің жақсы нәтиже көрсетуіңіз қасақана болып қалған жағдаяттан туындаған болмаса оныңызды бағалаған адамға осылай жауап беріңіз. Ал ең жақсысы – «Рақмет. Бұл бір керемет жетістік болды. Жұмыс барысында осындай қуанышты сәттер болып тұрғаны тамаша ғой...» деп әңгімемен жалғап жіберу де өнерді талап етеді.

Мақтау сөз айтылғанда күлімсіреңіз. Сіздің бір ғана күлімсірегеніңіз сіз туралы жақсы ойдағы адамға жағымды әсерін тигізеді. Ал егер мақтау сөз айтылғанда «ол жағы маңызды емес» немесе «ммм...» дей салсаңыз, алдағы уақыттарда мұндай сөздердің айтылатынын күтпей-ақ қойсаңыз да болады.

Кейбір керек кеңестер:

Іс жүзінде сөйлеңіз. Әңгімеге еш қатысы жоқ сөздер айтып, өзгенің ойын бөлмеңіз.
Мақтау сөзге ешқашан қарсы шықпаңыз. Өзіңізге сенімсіз болып немесе айтылған мақтау сөздің шынайы емес екеніне көз жеткізсеңіз, оған қарсы шығып, мақтау сөзін қабылдамай қоймаңыз. Астарында өзгеше ойлар жатса да мақтау сөз айтқан адамға рақметіңізді айтып қана қойсаңыз жеткілікті.
Одан да көп мақтау сұрамаңыз. Қарапайым тілмен алғысыңызды жеткізіп, өзге тақырыпқа ауыса беріңіз. Тәкаппарлық – адамның өз-өзіне деген сенімсіздігін көрсетеді.
Барлық мақтау сөз сіздің сұлулығыңызға қатысты емес. Есіңізде болсын, мінезіңіз бен қасиеттеріңізге бағытталған мақтау сөз сымбаттылығыңызды бағалаудан да биік.
Егер мақтау сөз айтылғаннан кейін үнсіздік болып, ыңғайсызданамын десеңіз, белсенді түрде сол тақырыпта әңгіме-дүкен құрыңыз. Мәселен, киген көйлегіңіздің әдемілігін айтқан адамға оны қайдан сатып алғаныңызды айтыңыз. Бастысы мақтанғандай болмаңыз.
Мақтау сөзге еш жауап берместен өзге бір тақырыпқа ауыса салуға болмайды. Оның мойындау сөзін елемей қоймаңыз. Міндетті түрде елеп-ескеріңіз.
Есіңізде болсын,ы мақтау сөзді сіз ғана алмайсыз, бәрі де мақтау сөз естіп жатады. Сондықтан қарапайым болып, тақырыптан қаша жөнелмеңіз.
Осы алынған кеңестерді айна алдында тәжірибе жасап, ұғып алыңыз.
02 наурыз 2018 ж. 1 581 0