Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жапонның махаббат туралы тесті: 5 минут қиялға ерік беріңіз

Жапонның махаббат туралы тесті: 5 минут қиялға ерік беріңіз

Жапондық профессор Исаму Сайто (Isamu Saito) психологияның кокология деп аталатын қызықты бағытын ашты. Мұнда бір адам жағдайды суреттейді, ал жауап беруші түйіндейді. Сонымен, бес минут қиялыңызға ерік беріп көріңіз.

1. Суреттегі құбыжық қала тұрғындарын шошытты. Оған не керек? Ол орманнан неге шықты?


 
А. Аш. Аң біткен аш болған кезде адамға шабуыл жасайтыны белгілі.
Б. Өз үйірін іздеп жүр. Мүмкін төлін жоғалтқан.
В. Ол жай ғана жабайы аң. Бұған қандай түсінік болуы мүмкін?
Г. Оның өмірінде ауыр жағдай болған. Қала шығуы – өз-өзіне назар аудартуының көрінісі.
 
2. Құпия табынушыңыздан манускрипт алдыңыз. Онда не бар?


 
А. Бұл белгілі жазушының биографиясы.
Б. Бұл комедиялық пьеса.
В. Бұл абсурд әдебиеті.
Г. Бұл махаббат туралы поэма.
 
3. Сізде ғажайып желпуіш бар. Оны біреуге желпіп қалсаңыз сол адам жоғалып кетеді.  Оның күшін ең алдымен кімге тексеріп көрер едіңіз?


 
А. Өзіңізге.
Б. Сүйікті адамыңызға.
В. Көп қиындық тудыратын адамға.
 
4. Сіз бақта сыйға алған манускрипті оқып отырсыз. Кенет бейтаныс адам пвайда болып, сізге айтады...


 
А. Мұны мен де оқығанмын. Керемет шығарма, рас емес пе?
Б. Сізге сюжеті қалай?
В. Өтініш, бас алаңға қалай бару керектігін айтып жіберіңізші.
Г. Менің сыйлығым сізге ұнағанына қуаныштымын.
 
5. Достарыңыз сізді круизге шақырды. Палубаға шыққанда сіз көрдіңіз...


 

А. Күн шуағы түскен тыныш теңіз.
Б. Ай жарығы түскен түнгі теңіз.
В. Тұман басқан күңгірт теңіз.
Г. Күннің батып келе жатқан сәті.
 
Жауабы
 
1. Құбыжық — өміріңіздегі ең басты мәселе.
А. Үнемі өз-өзіңізді шектеп өмір сүресіз.
Б. Қазір махаббат машақатын бастан өткеріп жүрсіз.
В. Айналаңыздағылар сізді мезі етеді.
Г. Өзіңізді жалғыз әрі түсініксіз сезініп жүрсіз.
 
2. Сыйлық — сіздің ең жақсы мінезіңіздің бірі.
А. Өзіңізге және өз күшіңізге үнемі сенімдісіз. Бұған сізде негіз де бар.
Б. Достарыңызды юмормен тартып тұрасыз.
В. Сіз шынайысыз.
Г. Кез келген адам қиналғанда сізден сая табады.
 
3. Желпуіш — жеке өміріңіздегі мәселені шешу жолы
А. Бәрі өздігінен шешілгенше бұқпантайлап отырасыз.
Б. Жауапкершілікті сүйіктіңізге аудара салуға бейімсіз.
В. Қиындықтан қашпайсыз, оларды бірден шешесіз.
 
4. Бақтағы көрініс сіздің қаншалықты ашық екеніңізді білідреді
А. Сіз жаңа таныстықтарды жақсы көресіз және ескі таныстардан қол үзбейсіз. Сіз үшін қарым-қатынас маңызды.
Б. Өзіңіз араласатын адамдарды, танысқан адамдарды талғайсыз.
В. Жалғыздық қорқытпайды. Тыныштықта өзіңіз қалаған іспен шұғылдануға бейілсіз.
Г. Сізге көпшіліктің назарында болған ұнайды. Және сіз бұған қалай қол жеткізу керектігін білесіз.
 
5. Теңіз — махаббаттағы идеалыңыз
А. Бар эмоцияны көрсеткенді қалайсыз, сізге одан кейінгісі маңызды емес.
Б. Сүйікті адамыңыздан құпия жасырғыңыз келмейді және одан да соны күтесіз.
В. Сіз сүйікті адамның ең алдымен адал дос екеніне сенімдісіз.
Г. Нағыз махаббат романдарда суреттелген деп санайсыз.
 
Дереккөз: adme.ru
 
04 сәуір 2018 ж. 1 241 1

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 21:00
Taladafil 20mg Miami Keflex Dialysis Licensed Mexican Pharmacy Online cialis without a doctor's prescription Viagra 6 Free Sample Need Provera Generic Viagra Fast Shipping