Автобуста болған оқиға көптің көзіне жас үйірді
15 жасар жасөспірім автобусқа еніп, жайғасып отырған сəтте өзінен басқа тірі жан болмапты. Жол – жөнекей көлік іші адамдарға тола бастады. Ортада тұрып тұрғандардың саны арта бастады. Əлгі баланың ешкіммен жұмысы жоқ, қалың ойға беріліп терезеге үңілумен келеді. Жолаушылар енді оны кіналап, жан – жақтан ақыл айтып үлкендерге орын бермегеніне ренжи бастайды.
Балада əлі де үн жоқ, тұрайын деген əрекет те жоқ. Бұған ашуланған жолаушылар жан – жақтан айғайға басып , баланы түтіп жеуге даяр тұр.
Өзіне қарата айтылған неше түрлі ғайбат сөздерге шыдай алмаған баланың көзіне мөлтілдеп жас келіп: "Жақсы, мен қазір тұрайын, бірақ сіздерден ешкімнің де бұл орынға отыруға дəті жетпес еді" – дейді күйініп. Еліріп алған топ ол сөздің мəнісіне бара қоймай, айыптауларын үдете түсті. Бала орындық астына еңкейіп, алдымен бір балдағын, кейін екіншісін алып, соларға сүйеніп орнынан тұрады. Оның бір аяғы жоқ еді. Соған қарамастан қайтып ол орынға отырмай қойды. Сол арада сөздер де сап тиылып, көлік ішінде еңсені басар өлі тыныштық орнады. Əлгі орын бала түсіп кеткенше бос күйінше қала берді.
247media.kz