Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҮШКІРУ ЖӘНЕ МІНЕЗ

ТҮШКІРУ ЖӘНЕ МІНЕЗ

Түшкірген кезде дем шығаратын бұлшықеттер жиырылып, өкпедегі ауа күшпен мұрын арқылы әсер еткен затты сыртқа шығарады. Процесстің мақсаты бір болғанымен, әркімде әр түрлі жолмен жүзеге асады. Біреулер қатты дыбыс шығарып түшкірсе, біреулердің түшкіргені білінбей де қалады. Бір қызығы, түшкіргеніне қарап адамның қандай екенін анықтауға болады екен.

1. Бар даусымен түшкіретіндер – қоршаған ортасына өз ықпалын жүргізе алатын харизматикалық тұлға. Сан қилы идеяларын жұртпен бөліседі. Адамдарға ашық-жарқын қабақ танытады, кез келген әңгімені сабақтап әкетеді.

2. Түшкіргенін ешкім білмей қалатын адамдар – «біреуге зияным тигенше, өзім жарылып кетейін» дейтін нағыз көркем мінез иесі. Ол үшін өзінен гөрі өзгелердің көңілі әлдеқайда маңызды. Текетірестен қашады. Шыдамды, сабырлы, кейде өзінің біреуге бағынышты болып қалғанын да байқамайды. Үнсіз тыңдап, көмек беретін адал адам.

3. Мұрнын орамалмен не алақанымен жауып түшкіретін адам – ой иесі. Алдын ала ойланбай ештеңе істемейтін, ойланбай сөйлемейтін, қоғамдағы әр құбылысқа ой түйе жүретін адам. Өзгелердің қателігін де көре алады, бірақ бетіне басып айтпайды. Жаңа көзқарас қалыптастыратын кітаптар оқиды. Бар ісін өзі атқарады, біреуге жүктей салудан ада. Әдетте демалысын үйде, оңашада өткізеді.

4. Тез әрі ащы түшкіретін – жалғыздықты сүйетін адам. Шешімді тез шығаратын, өзгелерден де соны талап ететін жан. Біреуге арқа сүйеу әдетінде жоқ. Көшбасшы. Жақсы басшы. Өзін біреудің пай­даланғанын білсе, кешірмейді.

reactor.inform.kz
21 қаңтар 2019 ж. 1 286 0