Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Қазақстаннан ұрланған ақша шетелдік банктен табылды

Қазақстаннан ұрланған ақша шетелдік банктен табылды


Бас прокуратура шетелдік банктегі Қазақстаннан ұрланған қаржысын тәркілей бастады. Швейцарлық банкте сақталған 1,3 миллион доллар көлеміндегі Қазақстанның ақшасын анықтады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Швейцарияның RothschildBankZurich банкіндегі ақша Қорғаста қылмыстық топтың мүшелеріне көмектескен Мағзұм Абдралиевке тиесілі болып шықты. Ол 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүр.
Сондықтан прокурор шетелдік банктегі Қазақстанның қаржысын тәркілеу үшін сотқа өтінішхат жолдады. Сот 2018 жылдың 29 наурызында прокурордың өтінішін қанағаттандырды.
Бұдан бұрын да, несие беру ұйымының кеңсесін тінту кезінде Абдралиевке тиесілі 762 мың доллар және 915 мың теңге табылып, 2,1 миллион доллар мемлекеттің пайдасына тәркіленді.

http://stan.kz/
04 сәуір 2018 ж. 1 462 0