Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Димаш Құдайберген Лондонда Денис Тенге арнап ән шырқайды

Димаш Құдайберген Лондонда Денис Тенге арнап ән шырқайды


Димаш Құдайберген Лондонда өтетін концертінде марқұм спортшы Денис Тенге арнап ән шырқайды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

“Димаш өмірден өткен Денис Тенге арнап SOS d’un terrien әнін орындайды. Бұдан өзге Димаш Құдайберген тыңдармандары сүйіп тыңдап жүрген репертуарындағы өзге де әндерді айтады”, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Димаштың ән кешін мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.
Министрліктегілердің айтуынша, Димаш жаңа шығармаларын ұсынады. Сондай-ақ, ерекше дауысты жерлесіміз ән айтып, би билеп, әртүрлі аспапта ойнайды.
“Бұл DQ шоуының тағы бір ерекшелігі болады”, — деді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, Сочи олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде көз жұмды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған қарақшылар өлтіріп кеткен.
08 қараша 2018 ж. 1 114 0