Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қытайда әлемдегі ең биік көпір ашылады

Қытайда әлемдегі ең биік көпір ашылады

Қытайда 28 қыркүйекте әлемдегі ең биік көпір – Хуацзян Гранд Каньон ресми түрде ашылмақ, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ. KAZINFORM.

Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысында орналасқан Лючжи–Аньлун жылдам тас жолындағы бұл көпірдің жалпы ұзындығы – 2890 метр, негізгі аралығы – 1420 метр, ал су бетінен биіктігі – 625 метр. Рекордтық ұзындығы мен биіктігі оны таулы аймақтағы әлемдегі ең ұзын әрі ең биік көпір етеді.

Құрылысы 2022 жылдың басында басталған нысанда инженерлер табиғи тосқауыл – Хуацзян Үлкен каньонын еңсерді. Жұмыстарда BeiDou навигациялық спутниктік жүйесі, дрондар, BIM-моделдеу, интеллектуалды мониторинг, аса берік материалдар және инновациялық құрылыс технологиялары қолданылды.

Соның арқасында мамандар каньон түбінен жүздеген метр биіктікте миллиметрлік дәлдікке қол жеткізді. Кезінде адам өте алмайтын терең шатқал енді маңызды көлік дәлізіне айналады.

Көпір пайдалануға берілгеннен кейін каньонды кесіп өту уақыты екі сағаттан екі минутқа дейін қысқарып, өңірдегі көлік қатынасы айтарлықтай жақсарады.

Фото: АЗЕРТАДЖ





25 қыркүйек 2025 ж. 284 0