Шырша жайлы қызықты деректер

Сондай-ақ, әлемдік рекордтар кітабына тіркелген Мексиканың Пасьо-де-ла-Реформа даңғылына орнатылған шыршаны айтуға болады. Көлемі жағынан 40 қабатты үймен сәйкес келетін алып шыршаның диаметрі – 35 метр, биіктігі – 110,35 метр. Мұндай орасан шыршаны орнату үшін 200 жұмысшы екі ай мерзім уақыт жұмсаған. Оған жалпы салмағы 330 тоннаны құрайтын металл құрастырмалар мен ұзындығы 80 мың метр электрмен жарық шашатын шамдар жұмсалған.
Рио-де-Жанейроның Лагоа-Родриго-де-Фретас көлінде де жүзіп жүретін үлкен шырша бой көтерген. Оның биіктігі 85 метрді құраған, ал одан 2 миллион шырағдан жалт-жұлт етіп, су бетіне шағылысқанда көкпен тіркескен патшалықтың тылсым таңғажайып дүниесіне куә боласыз.
2021 жылы Жаңа жылдық шыршаның биіктігі бойынша алғашқы бестікке ТМД елдерінің астаналарынан Ашхабад (41 метр), Ташкент (36 метр), Минск (30 метр), Нұр-Сұлтан (25 метр) және Бішкек (25 метр) кірген. Ресей Мәскеудегі Кремль алаңына 25 метрлік тірі шырша орнатқан. Негізінен, ірі қалалардағы орталық алаңдарда жасанды шырша орнатылған.
Сыр елінің бас қаласы Қызылордадағы әсем шыршаның биіктігі – 23 метр, ені – 10 метрді құрайды.
Бибісара ЖАНӘЛІ