Қазақстан аспаны әлемдік рекордтар тарихына енді
57 жастағы кәсіби әуе шаршы Алмут Даннингтон мен 31 жастағы бразилиялық Лайс Пиньо Қазақстанға келді. Олар Алматы аспанында әуе шарымен ұшып өткен елдер саны бойынша әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Zakon.kz-тің жазуынша британдық ұшқыш әйелдер қауымдастығының (BWPA) мүшесі Альмут Даннингтон аэронавтикадан әлемдік рекордқа ие болған әлемдегі жалғыз әйел. Қазақстан ол үшін 117-ші ел.
Ол бүгінгі күннің естелігін марқұм күйеуінің рухына арнайтынын айтады. Өйткені, күйеуі де осы хоббимен айналысу барысында 1999 жылы Қазақстанға келген екен.
Ал 13 жылдан бері осы кәсіппен айналысатын Лаис Пиньо экстремалды стилі мен парашютпен секіргені үшін «жынды ұшқыш» деген лақап атқа ие болған.
Әйелдер ұшағы Фабричный аэродромынан көтерілді. Қазақстан тарапы оларға еліміздің туы бейнеленген шар сыйлады.
Тарихи оқиғаға қатысу үшін тағы төрт шар аспанға көтеріліп, керемет көрініс тудырды.
Жиналған шардың салмағы 350 кг, ал оны құрастыру үшін 30 минут уақыт керек.
Ұшу ұзақтығы екі сағатты құрады. Ал рекордшылар мінген шардың жеткен максималды биіктігі 900 метр болды.
Қазақстанның аэронавтика федерациясының өкілі Александр Русиновтың айтуынша, олар FAI рекорды үшін мұндай шараны алғаш рет өткізіп отыр.
Олар бізден кейін Қырғызстанға, Тәжікстанға барады.Сапарларын Өзбекстанның Хиуа қаласында аяқтайды.
Қазақстан - Орталық Азиядағы ұшқыштар мойындаған алғашқы мемлекет ретінде әлемдік рекордттар тарихына енеді.
Фото: Zakon.kz/Алия Абди