Өзбекстан алғаш рет БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесіне мүше болды

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сай, республиканың аталған кеңес құрамына енуі бойынша сайлау өткен аптаның соңында Нью-Йорк қаласында өтті. Оның нәтижесі жасырын дауыс беру арқылы анықталды.
«Өзбекстан президентінің басшылығымен жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар халықаралық қоғамдастық пен БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан қең қолдауға ие болып келеді. Соның нәтижесінде біздің еліміз БҰҰ-ның осы негізгі органына сайланды», — делінген Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Өзбекстан 2025-2027 жылдар аралығында аталған кеңестің мүшесі болады.
Айта кетейік, Экономикалық және әлеуметтік кеңес — БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік салалар қызметін үйлестіру жөніндегі бас органы саналады.
Оның құрамына 54 мемлекеттің өкілі кіреді.
Қоса кетсек, Қазақстан аталған кеңеске 2022 жылдан бері мүше.
Фото: Pixabay