Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ресейде жолаушыларды құтқарған қазақ жігіті марапатталды

Ресейде жолаушыларды құтқарған қазақ жігіті марапатталды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында көпірден құлап, суға батқан автобустың жолаушыларын құтқаруға қатысқандардың барлығы марапатталған. Марапат алғанның бірі Қазақстанның тумасы Ерхан Аханов, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан тумасы ауыз су жеткізетін компанияда жұмыс істейді, апат болған күні көпірмен қызметтік машинамен жүріп өткен.

«Көліктегі сүйреу арқанын алып, арқанды көпірге байлап алдым. Біз кезекпен төмен түсіп, автобус маңына қарай жүзе бастадық, люктегілерді алып шығуға тырыстық», дейді Ерхан Аханов.

Санкт-Петербург өңірлік марапаты – «Құтқарудағы ерлігі үшін» белгісін және сағат сыйлығын губернатор Александр Беглов 15 қала тұрғынына табыстады.

Фото: Скрин. КТК.
17 мамыр 2024 ж. 274 0