Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 5 маусымда Ресейдің бес қаласында сайлау учаскелері ашылады

5 маусымда Ресейдің бес қаласында сайлау учаскелері ашылады

5 маусымда, яғни Қазақстан  конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтетін күні Ресейдің 5 қаласында сайлау учаскілері ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеуде ондай бөлімше Қазақстан елшілігінде жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ біздің азаматтар Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбы қалаларында да дауыс бере алады. Ондағы сайлау учаскілері Қазақстанның бас консулдықтары жанынан ашылады.

Руслан Шаймағанбетов, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің екінші хатшысы:

– Қазақстанның 18-ге жасы толған азаматтары Ресейде 5 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Олар Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан, Астрахань, Омбы қалаларында орналасатын болады. Таңғы сағат 7-ден бастап кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қазір Мәскеу бойынша мың адамнан астам сайлаушылар келеді деп болжап отырмыз. Алайда бұл сан өзгеруі мүмкін, азаматтарымыздың белсенді қатысуына байланысты.


26 мамыр 2022 ж. 1 023 0