Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Анкарада екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Анкарада екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркия-Қазақстан Үкіметаралық бірлескен экономикалық комиссиясының 13-отырысы аясындағы Түркия еліне жұмыс сапары барысында Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Бурак Акчапармен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы қатынастардың өзекті мәселелері мен ағымдағы жылға арналған жоспарларды талқылап, көпжақты әріптестікті кеңейту жөнінде пікір алмасты.

Түрік дипломаты екіжақты стратегиялық әріптестікті жоғары бағалап, өзара сенімге негізделген достық қатынастырдың көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың артуында да маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті.

Ә. Бақаев екі елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени ынтымақтастығының қарқынды даму ерекшеліктеріне тоқталумен қатар, Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығының басымдылықтары туралы хабарлады.

Кездесу соңында сыртқы істер министрі орынбасарлары Үкіметаралық экономикалық комиссияның нәтижелі болатынына сенім білдіріп, алдағы уақытқа жоспарланған Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі 8-ші Стратегиялық жоспарлау бірлескен тобының және ел президенттері төралығында өтетін 5-ші Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің кездесулері бойынша «сағаттарын теңестіріп», екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін одан әрі дамытуға уағдаласты.

28 сәуір 2024 ж. 418 0