Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстан және Иран арасындағы ынтымақтастық нығая береді

Қазақстан және Иран арасындағы ынтымақтастық нығая береді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Иран Ислам Республикасының елшісі Маджид Самадзадэ Сабермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың практикалық аспектілерін талқылап, екі мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту үшін 25 қаңтарда өткен Қазақстан мен Иран арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысының қорытындыларын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысты атқаруға уағдаласты.

Сонымен қатар сұхбаттастар Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағаннан бері екіжақты және көпжақты форматтарда, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ және ЭЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.
25 ақпан 2023 ж. 658 0