Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұрат Нұртілеу: Кипр – Қазақстанның ЕО-дағы сенімді серіктестерінің бірі

Мұрат Нұртілеу: Кипр – Қазақстанның ЕО-дағы сенімді серіктестерінің бірі

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасы Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесіп, екіжақты байланыстың басым бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

Мұрат Нұртілеу кипрлық әріптесіне шақыртуды қабыл алып, Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келгені үшін алғысын білдірді.

– Сіздің сапарыңызды достық пен әріптестікке негізделген өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға жасалған игі қадам деп қабылдаймыз. Біз бұл бағытта Никосиямен бірлесіп жұмыс атқаруға кәміл мүдделіміз. Кипр Республикасы – Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді әріптестерінің бірі. Соңғы жылдары екі ел арасындағы саяси диалог пен жан-жақты ықпалдастықты кеңейтуге бағытталған біраз игі іс-әрекеттер жасалуда. Осы тұста, Астана қаласында Кипр Республикасының Елшілігін ашу бастамасын жоғары бағалаймыз. Дипломатиялық миссияның ашылуына Қазақстан Үкіметі толықтай қолдау көрсетуге дайын, – деді М.Нұртілеу.

Оның айтуынша, саяси байланыстарды жаңа белестерге шығару аясында биік және жоғары деңгейде сапарлармен алмасу өте маңызды.

– Константинос Комбос мырзамен мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер өткіздік. Екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын жүйелі саралап, экономикалық байланыстар өрісін кеңейтуге деген ортақ ниетімізді растадық. Әсіресе, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік, логистика сияқты маңызды салаларға айрықша назар аударылды. Екіжақты қатынастардың түп өзегі – инвестициялық қарым-қатынастар да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтсақ, соңғы 20 жылда Қазақстан экономикасына Кипрден 4 млрд доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Өз кезегінде елімізден Кипрге салынған инвестициялар 1,4 млрд долларды құрады. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында Кипр капиталының қатысуымен 326 компания жұмыс атқаруда, – деді Мұрат Нұртілеу.

Кипр Республикасы Сыртқы істер министрі Константинос Комбос өз кезегінде достық ілтипат танытып, Қазақстанға алғашқы ресми сапар жасауға мүмкіндік жасаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта екі ел арасындағы саяси, экономикалық қарым-қатынас нығая түсетініне сенім білдірді.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
25 наурыз 2024 ж. 209 0