Сізге керек, қызық дерек

– Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, мең мен қалдың 300-ден астам түрі бар екен.
– Футбол доптарының 80 пайызы Пәкістанда жасалады.
– «Черофобия» дегеніміз – бақытты болудан қорқу.
– Маржан 10 теңіз қабыршығының біреуінде ғана кездеседі.
– «Adidas» компаниясы 1918 жылы ашылған. Ең алғаш ашылған уақытта кәсіпорын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аяқ киім шығарған.
– Жапонияда ақша жыртқан адамды 1 жылға бас бостандығынан айырады немесе 2 мың доллар айыппұл салады.
– Мысық асырайтын ер адамдар ұзақ өмір сүретіні анықталған. 85 жасқа дейін өмір сүргендердің 75 пайызы мысық асыраған екен.
– Финляндияда жұмысшының еңбекақысына жұмыс орнында ұйықтағаны үшін қосымша қаражат қосылады.
– Әлем халқының 80 пайызы тісін тазалағанда крандағы суды ағызып қояды.
– Африкадағы «Ватусси» тайпасының адамдарының бойының орташа ұзындығы 210 см құрайды.
– Нәресте дүниеге келгенде жүрегі минутына 180 рет соғады.
– Жапонияда қара мысық сәттілік белгісі саналады.
– Жүгері Антарктидадан басқа құрлықтың бәрінде өседі.
– Онтүстік Кореяда тегі бірдей жандардың үйленуіне тыйым салынған.
– Қолтырауын өз жемтігін жеген кезде оны жоқтап жылайды.
– Африка пілдері дауысты табанымен естиді.
– Ең ұзақ көлік кептелісі Қытайда 11 күнге созылған.
– Адамдарда бірдей саусақ таңбалары кездеспейді. Бір ғана сызықтың дәл сол жерде кездесу мүмкіндігі 24 млн-ға 1 рет қана кездеседі.
– Қатты ыстық мидың жұмысын 13 пайызға азайтады.
– Көз жасындағы тұздың мөлшері – 0,9 пайызды құрайды.
– Финляндияда азамат ғаламторға тәуелді болса, әскерден босатылады.
– Адам баласы өмір бойы жүрген қадамын есептейтін болса, әлемді 5 рет айналып шығады.
– Колибри құсы 1 секундта 10 рет қанатын қаға алады.– Галлий металлы 26,8 градуста ериді. Қолға ұстасаңыз ол балқи бастайды.
– Ағаштың дінін тесу кезінде тоқылдақтың тұмсығы сағатына 25 шақырым жылдамдықпен қозғалып, бір күнде 12 мыңдай соққы жасайды.
– Балалар көктемде басқа мезгілге қарағанда 3 есе жылдам өседі.
– Жасанды шаш алғаш Мысырда пайда болған. Перғауын отбасында балдыр, жүгері, зығырдан жасанды шаш киген.
– Адам орта есеппен өмірінің 2 жылын телефонмен сөйлесіп өткізеді.
– Адам денесінде 0,2 миллиграм алтын бар.
– Мұхаммед Әлидің ең қатты соққысы 1 тонна болған.
– Ит – адам эмоциясын анықтай алатын бірден бір жануар.
Балтабай Ордабеков
Фото: Н.Нұржаубай