Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Үндістанда Kazakh Tourism-нің алғашқы шетелдік өкілдігі ашылды

Үндістанда Kazakh Tourism-нің алғашқы шетелдік өкілдігі ашылды

Үндістан астанасында Оңтүстік Азияның ең ірі халықаралық туристік көрмесі – SATTE ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресми іс-шараға Үндістан туризмінің басшысы, Индонезияның Туризм және креативті экономика министрі, PATA Азия-Тынық мұхиты туризм қауымдастығының басшысы, Мәскеу, Беларусь туристік департаменттерінің басшылары және «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ Төрағасы Қайрат Сәдуақасов қатысты.

Көрме аясында Kazakh Tourism компаниясының Үндістан нарығы бойынша өкілі тағайындалды. Қайрат Сәдуақасов тиісті сертификатты Salvia Promoters компаниясының басшысы Прашант Чодриге табыстады.

Компания Орталық Азия мен Ресей нарықтарын ілгерілетуге маманданған. Әр жылдары Salvia визалық орталық және ілгерілету кеңсесі ретінде біздің аймақтың бірқатар қаласы мен елдерін таныстырып келеді.

Бұл – Қазақстан туризмін халықаралық деңгейде ілгерілетудің жаңа қадамы. Біз әлемдегі ең перспективалы туристік нарықтардың бірі саналатын Үндістанда өз өкіліміз болатынына қуаныштымыз. Алдағы уақытта бұл тәжірибені басқа да нарықтарда кеңейтуге ниеттіміз, - деді Қайрат Сәдуақасов.

Екі тарап Қазақстанға Үндістаннан туристік топтарды тарту, сонымен қатар көшпелі туризм нарығында Kazakh Tourism мүддесін таныстыру мақсатында серіктестікті дамыту туралы келісімге келді. Тараптардың алғашқы бірлескен жұмысы – SATTE көрмесіне қатысу және биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында үндістандық тревел журналистердің Қазақстанға келуін ұйымдастыру.

Мамандардың болжамы бойынша Үндістанның көшпелі туризм нарығы 2026 жылға қарай 50 миллионнан астам туриске жетеді. Бұл ретте, Прашант Чодри 2026 жылға қарай Қазақстан жыл сайын 500 мыңға дейін үнді туристерін қабылдай алатынын жеткізді.

Фото: Туризм және мәдениет министрлігі
23 ақпан 2024 ж. 286 1

Twyla от 10 маусым 2025 04:21
You actually reported that adequately. casino en ligne Reliable advice With thanks. casino en ligne You actually said it well. meilleur casino en ligne You made your stand pretty nicely!! casino en ligne Amazing many of very good data. casino en ligne You actually revealed this effectively! casino en ligne Wow many of great knowledge! casino en ligne France This is nicely put. ! casino en ligne Nicely put. With thanks! meilleur casino en ligne Beneficial knowledge, Regards. casino en ligne