Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 газет

19 қазан 2019 ж.

№80 газет

15 қазан 2019 ж.

№79 газет

12 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Визасыз режім: тізімге 12 ел қосылды

Визасыз режім: тізімге 12 ел қосылды

Қазақстанға визасыз режімде кіре алатын мемлекеттердің тізіміне 12 ел қосылды. Бұл туралы "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының маркетинг және коммуникациялар департаменінің аға менеджері Бақыт Топтаева мәлімдеді, – деп жазады massaget.kz сайты.

"Оңтүстік-Шығыс Азия, атап айтқанда Вьетнам, Индонезия, Филиппин, Таиланд, сонымен қатар Бахрейн, Оман, Кувейт, Сауд Арабиясы және Катар сияқты бірнеше араб елдерінің азаматтары бұдан былай Қазақстанда 30 күнге дейін визасыз тұра алады. 12 елдің тізіміне сонымен бірге Ватикан, Лихтенштейн және Колумбия да кірді. Аталған елдерге визасыз режім 30 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Ал жалпы 76 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз режимде келуге құқылы", — деп хабарлайды Бақыт Топтаева.

Ұлттық компания өкілінің айтуынша, 18-20 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында Халықаралық РАТА Travel Mart туристік көрмесі өткен. Азия және Тынық мұхиты аймағындағы туризм индустриясының негізгі ойыншылары, сонымен қатар Еуропа, Африка және Америкадағы туроператорлар Қазақстанның әлеуетіне оң баға беріп кеткен.

Туристік қауымдастықтың жергілікті өкілдерімен өткізілген B2B кездесулерінің нәтижесінде жаңа туристік өнімдерді насихаттау бойынша ынтымақтастық туралы алдын ала келісімдер жасалды. Шара қатысушылары Қазақстанда визасыз режимнің кеңеюі туралы бұл жаңалықты қуана қабылдаған.


26 қыркүйек 2019 ж. 188 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам