Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Автокөлік экспортында Қытай Жапонияны басып озды

Автокөлік экспортында Қытай Жапонияны басып озды

2023 жылы жапондық автомобиль экспорты 4,42 миллион көліктен асқан.

Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының мәліметінше, 2023 жылы Қытайдың автомобиль экспорты тұңғыш рет Жапонияны басып озып, әлемде бірінші орынға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Қытайдың «Жэньминь жибао» ақпараттық порталына сілтеме жасап, KAZINFORM мәлім етті.

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, 31 қаңтарда Жапонияның автомобиль өндірушілері қауымдастығы 2023 жылы жапондық автомобиль экспорты туралы деректерді жариялаған.

Атап айтқанда, 2023 жылы жапондық автомобиль экспорты 4,42 миллион көліктен асқан.

«Бұған дейін Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының деректері Қытайдың автокөлік экспорты 2023 жылы 4,91 миллион дана болғанын көрсеткен. Бұл Қытайдың автокөлік экспортында алғаш рет Жапонияны басып озып, әлемдегі ең ірі автокөлік экспорттаушы болды дегенді білдіреді», – деп жазады «Жэньминь жибао».

Фото: Нұрболат Нұржаубай
04 ақпан 2024 ж. 405 0