Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Исландияның оңтүстік-батысында жанартау атқылауда

Исландияның оңтүстік-батысында жанартау атқылауда

Исландияда Гриндавик қаласының маңында жанартау атқылауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Исландияның RÚV ұлттық хабар тарату компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Исландия ұлттық полициясы таратқан соңғы кадрлар лаваның елді мекендерге жақындағанын көрсетеді.

Исландияның батысындағы жанартаудың атқылауы бүгін таңертең басталды. Вулканолог Торвалдур Тордарсон егер атқылау қазіргі қарқынымен жалғаса берсе, шамамен бір аптаға созылады. Сарапшының пікірінше, арнайы қоршаулар жасап, лаваны елді мекендерден алыс ұстауға тырысу керек.

Айтуынша, жанартау жер сілкінісінен кейін атқылай бастаған. Соның салдарынан жарықшақ пайда болды.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, жарықшақ кеңейе береді. Жарылыс болған жерге қауіптілік деңгейін бағалау үшін тікұшақтар жіберілді.

Исландия метеорологиялық бюросының соңғы мәліметі бойынша, лава Гриндавик бағытында ағып жатыр. Ол қаланың ең солтүстік үйлерінен 450 метр қашықтықта
Фото  Егемен Қазақстан
14 қаңтар 2024 ж. 430 0