Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстаулық өнерпаздар түркияда өнер көрсетті

Маңғыстаулық өнерпаздар түркияда өнер көрсетті

Маңғыстаулық өнерпаздардың «Қырымның қырық батыры ізімен» атты халықаралық турнесі Түркияда жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік маңызы бар ұлы мұрамызды әлемдік деңгейде насихаттап, ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мұралар тізіміне енгізуді мақсат еткен келелі шара Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 165 жылдығына орайластырылған. Маңғыстау облысы әкімдігі, Қазақстан елшілігі мен «Отау» музыка және би ансамблінің ұйытқысымен өткен кешті Ыстамбұл, Кония, Анкара мен Эскишехир тұрғындары жылы ықыласпен қарсы алды.

Елмира Шендуран, «Отау» музыка және би ансамблінің жетекшісі:

- Түркияда бұл жоба алғаш рет жүзеге асып отыр. Бауырлас халықтармен мәдени мұрамызды тарихымыз тоғысатын Анадолы топырағында жаңғырту маңызды. Шара байланысымыздың одан әрі нығайтатынына сенімдімін. Түркиядағы Ыстамбұл, Кония, Анкара мен Эскишехир қалалары кездейсоқ таңдалған жоқ. Тап осы жерлерде ғасырлар бой түркі тілдес халықтар көшіп қонып, өмір сүрген. Оның ішінде татарлар мен ноғайлар басым.

Айдын Полатлы:

- Ата-бабаларымыздың бізге мұра еткен жәдігерлерін көріп білуге әрқашан да асықпыз. Біз ноғаймыз. Біз үшін мұраның мәні де орны да бөлек. Отбасымызбен осында түгел төбе көрсетіп отырмыз. Осындай шаралар жиі болса екен дейміз.
14 шілде 2023 ж. 361 0