Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Эль-Ниньо» жаһанға қандай қауіп төндіріп тұр?

«Эль-Ниньо» жаһанға қандай қауіп төндіріп тұр?

Эль-Ниньо – Тынық мұхитының экваториалды бөліміндегі беттік қабатындағы су температурасының тербелісі. Бұл құбылыстың климатқа елеулі әсері бар. Таяуда ғалымдар табиғи апатқа байланысты дабыл қақты. Төрткүл дүниеге тағы бір Эль-Ниньо ағысы қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Egemen Qazaqstan.

Бұл жайлы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Абай Асанкелдіұлы «Жаһанды алаңдатқан Эль-Ниньо» атты мақаласында жазды. 

Мақала авторының жазуынша, Тынық мұхитында болатын ерекше құбылыс әлемнің кей бөлігінде су тасқынын, басқа жағында құрғақшылықты тудыруы мүмкін.

Ұлттық мұхиттық және атмосфералық қауым­дастық ұсынған деректерге қарағанда, қазіргі таңда Эль-Ниньо ағысы басталды. Сондай-ақ Тынық мұхиты­ның шығысындағы экваторға жақын аймақтағы температура шамамен 0,5 градусқа жылынған. 

Айта кетейік, бұған дейін де әлемнің бірқатар елдері Эль-Ниньо салдарынан талай мәрте су тасқынынан, циклондардан, құрғақшылықтан, орман өртінен зардап шеккен.

Еуропалық одақтағы Коперник атындағы климат­тың өзгеруі қызметі басшысы Карло Буонтемпо кейінгі жылдары Ла-Ниньаның сал­қын­датушы әсеріне қарамастан, Эль-Ни­ньо­ның қызуы артып кеткенін айтады. Осының салда­рынан Тынық мұхи­тын жағалай қоныс тепкен бірқатар мемлекетке қиын тимек.

Бұл ретте мақала авторы Америка құрлығындағы бірнеше ел, Жапония, Аустралия мен Жаңа Зеландия Эль-Ниньо салдарынан зардап шегуі мүмкін екенін жазды.
19 маусым 2023 ж. 498 1

Willard от 9 маусым 2025 22:52
Seriously a good deal of great tips! casino en ligne fiable Thanks. Numerous information. meilleur casino en ligne Appreciate it, Quite a lot of stuff! casino en ligne Seriously a good deal of terrific facts. casino en ligne Very good forum posts, With thanks! casino en ligne You actually revealed it really well! casino en ligne francais You mentioned that really well! casino en ligne Kudos. Wonderful information! meilleur casino en ligne Helpful write ups, Kudos! casino en ligne Amazing plenty of fantastic material! casino en ligne France