Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Испаниядағы аптап ыстықтан мыңнан астам адам қайтыс болды

Испаниядағы аптап ыстықтан мыңнан астам адам қайтыс болды

Еуропада ауа температурасының рекордтық көрсеткіштері тіркелді. Ғалымдар бұны климаттың өзгеруімен байланыстырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Deutsche Welle хабар таратқандай, Испания мен Португалиядағы аптап ыстықтан қаза тапқандардың саны мыңнан асты.

17 шілдеде Мадридте температура +39°C дейін көтерілсе, елдің шығысындағы Дон Бенитода +43,3°C рекордтық көрсеткіш тіркелді.

Испанияда 16 шілдеде кем дегенде 360 адам қайтыс болды. Олардың ішінде Мадрид провинциясында 22 адам көз жұмды, олардың біреуі 60 жастағы тазалаушы жұмыс істеген жерінде қайтыс болды.

Тағы бір 50 жастағы ер адам көшеде қайтыс болды. Дәрігерлер зардап шеккен адамға көмектесе алмады, оның дене қызуы +40°C дейін көтерілген.

Португалия теңіз және атмосфера институтының – Елдің ұлттық метеорологиялық агенттігінің мәліметтері бойынша 14 шілдеде португалдық Пиньянда +47°C рекорд тіркелді.

«Португалиядан Орталық Францияға дейін және Еуропаның оңтүстік-шығысындағы аудандарда шыжыған ыстық 20 күн бойы сақталады деген қорқыныш бар», деді америкалық болжау қызметінің аға метеорологы Тайлер Ройс.

Оның айтуынша, аптап ыстық Венгрияны, Хорватияның шығысын, Босния мен Герцеговинаны, Сербияны, Румынияның оңтүстігі мен Болгарияның солтүстігіндегі бірқатар өңірлерді қамтиды.
18 шілде 2022 ж. 937 0