Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жер бетінде қанша мұхит бар?

Жер бетінде қанша мұхит бар?

Мектептегі география пәнінде төрт мұхит барын санасына тоқып өскен жас үшін тың жаңалық. Жер бетіндегі мұхит саны бесеу болуы да мүмкін. Мұны National Geographic құптап отыр, деп жазады massaget.kz.

Антарктида жағалауымен шектесетін мұхит суының басқалардан айтарлықтай айырмашылығы бар екен. Сондықтан National Geographic бұл аймақтағы су алабын Оңтүстік мұхит деп таныды.

Бесінші мұхит жайлы дау-таластар зерттеуші ғалымдар арасында бұған дейін де айтылып келген-ді. Дегенмен бұл Антарктида маңындағы суды Тынық, Атлант және Үнді мұхитының жалғасы деп санаушылар көп.

National Geographic құптауы бойынша енді Оңтүстік мұхит термині қолданыла бастамақ. Бесінші мұхиттың аумағы Антарктида жағалауы, Атлант мұхитының оңтүстігіне жататын Дрейк бұғазы мен Скоша теңізін қоспағанда оңтүстік ендіктен 60 градусқа дейін созылатын аумақты қамтиды.

Ғылыми қауымдастық төрт мұхит (Атлант, Тынық, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит) барын ғана танып келеді. Бесінші мұхит жайлы көзқарастар мен ғылыми пікірлер әлі де бір арнаға тоғыса қойған жоқ.

Айта кетейік, National Geographic – АҚШ Ұлттық географиялық қоғамдастығының ресми басылымы – табиғат пен саяхат жайлы және танымдық бағыттағы әлемдегі ең танымал журнал.
11 маусым 2021 ж. 16 203 0