Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ташкентте зауытта жарылыс болып, 15 адам зардап шекті

Ташкентте зауытта жарылыс болып, 15 адам зардап шекті

Ташкент маңындағы өндіріс цехында болған жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, 14 тұрғын жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстан ТЖМ мәліметі бойынша, астанадағы Чиланзар ауданында орналасқан мыс құбыр өндіру цехында 14 маусым күні 09:50-де газ-ауа қоспасы жарылды. ТЖ технология процесінің бұзылуы салдарынан болып, артынан өрт тұтанған. Оқиғадан цехтың шатыры құлады.

Апат орнына өрт сөндіру, құтқару экипажы, ІІМ, прокуратура қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта жарылыс салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиға салдарынан бір жұмысшы сол жерде қаза тапса, 14 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, жедел медициналық көмек көрсететін Республикалық ғылыми орталыққа жатқызылды.
14 маусым 2023 ж. 477 0