Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

Қызылордада тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Жарылыс сәті үй алдына орнатылған бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарылыс салдарынан денесін күйік шалған ер адам дереу ауруханаға жеткізілді. Бірақ зардап шеккен адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

«Қызылордада Яншина көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылысы болды, салдарынан 182 шаршы метр аумақ жанып, опырылды. Әрі қарай өрт осы үй аумағында орналасқан 60 шаршы метрлік уақытша құырылыс нысанына тараған. Құтқарушылар келгенге дейін аяқ-қолы күйіп қалған Өзбекстан Республикасының 1984 жылы туған азаматы қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 12:09-да ауыздықталды. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр», делінген облыстық ТЖ департаменті таратқан хабарламада.

Оқиға орнына облыстық ТЖД-ның 25 қызметкері мен 5 техникасы, медицина орталығының 4 қызметкері мен 1 техникасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 3 қызметкері және 1 техникасы, «КРЭК» АҚ, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.
20 сәуір 2023 ж. 164 0