Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Стамбұлда «Teknofest-2023» басталды

Стамбұлда «Teknofest-2023» басталды

Түркияның Ыстамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі басталды. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған, деп хабарлайды ttjk.info.

Технофесттің негізгі мақсаты қазіргі қоғамда технологияға деген қызығушылықты арттыруды және Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Биылғы фестивальдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған түрі көпшілікке көрсетілді. Ірі авиациялық шоуға әсіресе мектеп оқушыларының қызығушылығы зор. Фестивалге отбасымен серуендеп келгендердің де қарасы көп.

Ғылым мен технологиялық өндіріске арналған мереке 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайында, ал Анкарада 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтпек.


30 сәуір 2023 ж. 574 0