Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде ауыз су тапшы

Әлемде ауыз су тапшы

Әлемде адамзаттың төрттен бір бөлігі ауыз суға зәру, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл БҰҰ-ның келтірген дерегі. Күн сайын 1000 шақты бала су жетпей көз жұмады екен. Бүгін Дүниежүзілік су қорлары күні. Осыған байланысты, халықаралық ұйымдар жаңа деректер жариялап отыр. ЮНИСЕФ-тің мәліметтеріне қарасақ, ауыз судың тапшылығынан, көп елде санитарлық жағдай нашар. Салдарынан көбінесе балалар, жасөспірімдер зардап шегеді. Сараптама бойынша, Африка елдерінде 190 млн балаға қауіп төніп тұр. Әсіресе, Орталық Африкадағы Нигерия, Сомали, Мали, Кот-д"Ивуарда жағдай қиын.

- Үйімізді, ыдыс-аяғымызды таза ұстағымыз келеді. Бірақ су жоқ. Жылдар бойы бұл проблема шешілмей жатыр. Айта айта шаршадық. Балалар лас жерде жүріп, ауырады, түрлі дертке шалдығады.
23 наурыз 2023 ж. 378 0