Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тбилисиде шерушілер Еуроодақ туын өртеп жіберді

Тбилисиде шерушілер Еуроодақ туын өртеп жіберді

«Консервативтік қозғалыс» және «Аль-Инфо» радикалды топтарының мүшелері «батыс ықпалына» қарсы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

EADaily басылымы атап өткендей, Тбилиси орталығында Батыс елдерінің деструктивті ықпалына қарсылық білдіріп, шетелдік агенттер туралы заңға қарсы шерулерге қатысушыларды сынаған «Консервативтік қозғалыс» партиясы мен «Аль-Инфо» қозғалысы жақтастарының шеруі өтті.

Белгілі болғандай, наразылық білдірушілер Грузияға қатысты сыртқы ықпалға қарсы шығып, отбасылық құндылықтар мен елдегі тұрақтылықты сақтау үшін шеру ұйымдастырған.

«Батыс – біздің үйіміз емес, таңдауымыз емес. Біздің таңдауымыз – Грузия, біз - Грузияның өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз», деді «Консервативтік қозғалыс» жетекшілерінің бірі Шота Мартыненко.

Шерушілер Еуроодақтың туын жұлып, таптап, кейін өртеп жіберген.

Өткен аптада парламент ғимаратының алдында шетелдік агенттерге қатысты заң жобасын қабылдауға қарсы митинг өтті. Кейін ел парламенті заң жобасы кері қайтарылғанын хабарлады.
15 наурыз 2023 ж. 460 0