Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түркияда экскурсия үшін әлемдегі ең үлкен қайық құрастырылды

Түркияда экскурсия үшін әлемдегі ең үлкен қайық құрастырылды

Биыл жазғы маусымда Түркияда туристер рекордсмен кемемен экскурсияға шығуға мүмкіндік туады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, Түркияда экскурсия үшін әлемдегі ең үлкен қайық құрастырылды, оған 1 мыңнан аса турист сыяды, – деп хабарлайды Tengritravel.kz.

4 палубасы бар және салмағы мың тоннадан асатын қайықты Антальяның Манавгат ауданындағы верфьте 15 ай бұрын құрастыра бастаған.Ол әлемдегі ең үлкен экскурсиялық корабль болады деп күтіледі. Бортына 1163 туристі және қызмет көрсетуші 50 экипаж мүшесін сыйдыра алады.

БАҚ мәліметінше, бұл кемені құрастыруға шамамен 130 миллион түрік лирасы (3 миллиард теңгеден асады) жұмсалған. Қазіргі уақытта ол суға түсірілген.

Кеменің ішкі бөліктеріне әлі де сәндеу жұмыстары жүргізіледі және каюталарына дизайнерлік жұмыстар қажет. Алайда туристер 2023 жылы рекордсмен қайықпен танысуға мүмкіндігі туады.
01 ақпан 2023 ж. 834 0