Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 миллиардердің дәулеті 3,8 млрд кедейдің табысымен тең түседі

26 миллиардердің дәулеті 3,8 млрд кедейдің табысымен тең түседі


Әлемдегі ең дәулетті 26 миллиардердің байлығы 3,8 миллиард кедейді қамтамасыз ете алады. Oxfam халықаралық бірлестігі баяндамасында осындай деректер жарияланды.
Ұйым мәліметінше, 2018 жылы әлем миллиардерлері қазынасы 12%-ға артқан, ал кедейлердің тұрмыс деңгейі 11%-ға төмендей түскен. Бір жылда 2 200 миллиардердің дәулеті 900 млрд долларға көбейген. Oxfam есебі бойынша 2017-2018 жылдары әр екі күнде тағы бір адам алғашқы миллиард табысына ие болған.Жалпы байлық көзі аздаған адамдардың иелігінде: 2017 жылы әлемдегі барлық кедей адамдардың табысы 43 миллиардердің дәулетіне тең келген екен.
Oxfam өкілдері мысал ретінде Amazon компаниясының басшысы Джефф Безосты алады. Ол – әлемдегі ең бай адам. Оның байлығының 1%-ының өзі Эфиопия мемлекетінің денсаулық саласы бюджетімен сәйкес келеді.
Сарапшылар осындай деректерге алаңдаушылық білдіріп, ел үкіметтерін табыс теңсіздігін қысқарту шараларын қабылдауға шақырады. Бұл ретте дәулетті адамдарға салықты көтеру ұсынылған. Мәселен, әлемдегі миллиардерлердің табыс көлемінің салығын 1%-ға көбейтсе, 262 миллион баланы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады екен.




27 қаңтар 2019 ж. 1 026 2

Гость JeaOrer от 20 ақпан 2019 23:57
Sale Zentel http://allngos.com Buy Phenagran Levitra Que Es Y Para Que Sirve Canada Ed Meds

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 07:02
Marque Commander Cialis Achat De Viagra Sur Le Net En Chambery Levitra Cuando Tomar cialis 5 mg Sildenafil Sale