Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Лас-Вегаста технологиялар көрмесі өтуде

Лас-Вегаста технологиялар көрмесі өтуде

Озық техника мен озат ғылым келешектің кепілі. Лас-Вегаста өтіп жатқан технологиялар көрмесі – соның дәлелі. Мұнда Әлемдегі ең заманауи құрал-жабдықтар мен технологиялардың басы тоғысқан. Келушілер назарына ақылды жастықтан бастап, ұшатын электркөлікке дейін ұсынылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Fufuly деп аталатын ақылды жастық. Лас-Вегас төрінде өтіп жатқан көрмеде токиолық инженелер осы өнертабысымен бөлісті. Ақылды жастық адамның шаршағанын басып, тәтті ұйқыға бөленуіне ықпал етеді.

Хироко Сато, менеджер:

- Бұл жастық адамның тыныс алуына бейімделіп, үлкейіп-кішірейе алады. Соның арқасында баяу әрі терең дем ала бастайсыз. Осылайша өзіңізді бос әрі еркін сезініп, уайымсыз ұйқыға кетуге септігін тигізеді.

Жаңа технологиялар көрмесінде көпшілікке таныстырылған тағы бір тың дүние – ноутбуктің жаңа буыны. Тайваньдық компания бір емес, бірден екі камерамен жабдықталған компьютер мониторын жасап шығарды. Оның көмегімен көз қарашығының қозғалысын бақылап, арнайы линзалар арқылы кей кескіндерді 3Д форматында көруге мүмкіндік бар.

Саша Крон, компанияның аға менеджері:

- Экранның алдыңғы бетіне миллиондаған линза орнатылған. Солардың көмегімен 2Д форматындағы суреттерді 3 өлшемді нұсқада көруге болады. Көрме иесі – америкалықтар да келушілерді таңқалдырмай қоймады. Адамды аспанға алып шығатын автокөлік құрастырған. Бұл – жай ғана прототип емес, талай сынақтан өткен кәдімгі көлік құралы. Жоба авторлары алдағы уақытта Азаматтық авиация тарапынан тиісті рұқсат алып, қозғалыс құралын таксопаркке қосуды көздеп отыр. Алайда ол үшін шамамен 3 жылдай уақыт керек.
08 қаңтар 2023 ж. 459 0