Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Google 10 мың қызметкерін жұмыстан шығаруы мүмкін

Google 10 мың қызметкерін жұмыстан шығаруы мүмкін

Америкалық Google компаниясы (Alphabet Inc) ең нашар KPI бар 10 000 қызметкерін жұмыстан шығаруды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл барлық қызметкерлердің 6%-ын құрайды. Бұған дейін қызметкерлерін қысқарту туралы басқа да IT гиганттары мәлімдеген еді. Оларың ішінде Meta, HP Inc және Cisco Systems Inc компаниялары бар.

Google өкілдері осы мәселе жөнінде журналистерге түсініктеме беруден жалтарған. Google коронавирус пандемиясы кезінде өз қызметтеріне сұраныс күрт артқандықтан мамандар санын көбейткен. Алайда мұндай өзгеріс операциялық шығындардың өсуіне әкелген.

«Қызметкерлерді қысқарту енді басталды. Бұл ірі компанияларға да, шағын компанияларға да әсер етеді. Оңай болайын деп тұрған жоқ, бірақ бәрі біткен соң сала қалпына келеді», дейді танымал IT-кәсіпкер және C3.ai Inc басшысы Томас Сибель. 

Айта кетейік, сәрсенбіде Alphabet акциялары 1,45%-ға қымбаттады. Жыл басталарда компанияны капиталдандыру 1,26 триллион долларға дейін қысқарды.

24 қараша 2022 ж. 710 0