Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуроодақ IT компанияларға салықты көбейтпек

Еуроодақ IT компанияларға салықты көбейтпек


Еуропалық одақ технология саласындағы алпауыт компанияларға табыс салығын өсіруі мүмкін. Еурокомиссия қазір осындай ұсынысты қарап жатыр.
Алдын ала болжам бойынша, интернет алпауыттары желіде жарияланған жарнама мен тұтынушыларының санына қарай мемлекетке салық төлеп отырады. Бұған дейін компанияның штаб-пәтері қай мемлекетте болса, салықты тек сол елге төлейтін.
Салық халықаралық нарықта 750 миллион еуродан артық пайда табатындарға, ал Еуроодақта 10 миллионнан астам таза табыс көретін компанияларға ғана енгізілуі мүмкін. Болжам бойынша бұл қадам америкалық Google, Amazon, Facebook және Apple компанияларына едәуір салмақ салады.
Дегенмен экономика жөніндегі еурокомиссар Пьер Московисидің айтуынша, бұл АҚШ экономикасына қарсы бағытталмаған.
Пьер Московиси, экономика жөніндегі еурокомиссар:
– Біздің бұл бастамамыз белгілі бір компания немесе мемлекетке қарсы бағытталмаған. Жаңа ереже 120-150 компанияға әсер етуі мүмкін. Олардың арасында америкалық, еуропалық және компаниялар бар.

Дереккөз: 24.kz
24 наурыз 2018 ж. 907 0