Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әлемдегі ең қымбат көлік қанша тұрады?

Әлемдегі ең қымбат көлік қанша тұрады?

Sotheby's аукционында Ferrari F2003-GA көлігі сатылды. Бұл көлік Михаэль Шумахерге Формула-1 жарысында алтыншы чемпиондық атағын әкелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталмыш көлік 14,8 миллион долларға сатылды.

2003 жылы Шумахер әйгілі автожарысшылар Кими Райкконен мен Хуан-Пабло Монтойяға қарсы күресіп, алтыншы чемпиондық атағын жеңіп алған еді.

Формула-1-дің көлігін сату бойынша алдыңғы рекорд 5 жыл бұрын Sotheby's аукционында орнатылған. Ол кезде Ferrari F2001 лоты 7,5 миллион долларға сатылды.

Айта кетсек, әлемдегі ең қымбат көлік 1955 жылғы Mercedes-Benz 300 SLR Uhlenhaut Coupe болып қала береді. Дүние жүзінде бұл көліктің тек екі данасы ғана бар. Оның біреуі 2022 жылдың мамырында 142 миллион долларға сатылған.
10 қараша 2022 ж. 827 0