Грузияда Қазақстан киносының күндері өтті
Көрермен назарына ағылшын субтитрлері бар қазақ тіліндегі көркем фильмдер ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Махаббат, игілік пен өмірге құштарлықты арқау еткен отандық кинотуындылар Грузия жастарының қызуғышылығын туғызды.
Грузия көрермендері үлкен экранда қазақ мәдениеті мен дүниетанымының заманауи келбетімен танысты. Тбилисиде қазақ киносының күндері өтіп жатыр.
Георгий Цхведиани, Грузия Мәдениет, спорт және жастар министрлігінің өкілі:
- Бұл – барлық тұрғыдан маңызды оқиға, өйткені бұл – ең алдымен мәдени шара. Киноға әуес жұрт жаңа қазақ фильмдерін, жас режиссерлердің туындыларын көре алады. Менің ойымша, бұл өте қызық, осындай шараларды жиі өткізу керек. Бағдарламада болашағына үміт күттіретін қазақстандық режиссерлер түсірген үш көркем фильм бар.
«От» комедиясы қарыздарға белшесінен батып, отбасы мәселесі шеше алмай жүрген ер адам жайында. Фильмнің басты айтары – тағдырдың тәлкегіне қарамастан өмірге деген махаббаттан айнымау.
Даниэль Адикашвили, көрермен:
- Фильмді көргеннен кейін ең алдымен өзімнің күнделікті тіршілігім ойыма түсті. Ұқсас жерін іздедім. Сондай-ақ нанның қадірін ұғындым. Бұл іс-шара Грузиямен ғана шектелмейді. Ұйымдастырушылар 17 елде қазақ киносының күндерін өткізуді жоспарлап отыр.
Адай Әбелдинов, Қазақстан ұлттық киноны қолдау орталығының бас продюсері:
- Грузия – фильмдерімізді көрсеткен оныншы мемлекет. Бәріне ұнап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Оған қоса, қазақстан кинематографсымен танысқан шетелдік продюсерлер үлкен қызғушылық танытты. Грузия да мәдени салада бірлескен жобалар жасауға мүдделі.
Сондықтан Қазақстанмен киноөндірісті дамыту жөнінде екіжақты меморандумға қол қоюды көздейды.