Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Грузияда қазақ күресінен ең мықты еуропалық балуандар анықталды

Грузияда қазақ күресінен ең мықты еуропалық балуандар анықталды


Грузияның Батуми қаласында қазақ күресінен алғаш рет өткен Еуропа чемпионаты аяқталды. Келесі турнир Орталық Еуропада ұйымдастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақ күресінен Еуропа чемпионатына Литва, Ресей, Украина, Словения, Франция, Ирландия, Польша, Армения, Болгария, Австрия, Албания, Түркия, Норвегия, Израиль, Грузия, Әзербайжан, Сербия, Кипр, Эстония, Белоруссия сынды 20 мемлекеттен келген 80 спортшы қатысты. Олар сегіз салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтап, сондай-ақ турнирдің түйе палуаны белгілі болды.
"Қарсыластарым осал болмады. Чемпионаттың өз елімде өтіп жатқаны аздап көмектесті. Қазақ күресімен айналыса бастағаныма бір жыл болды. Өзім негізі дзюдошымын. Қаншалықты қиын болса да қазақ күресінің дәстүрлері мен ережелеріне сай күрестім. Спорттық мансабымды қазақтармен бірге жалғастыра беремін. Бір ай бұрын өткен қазақ күресінен Грузия біріншілігінде чемпион атандым", - деді 60 келіде жеңімпаз атанған Иракли Купатадзе.
Жергілікті уақытпен сағат 10-да басталған турнир түн ортасына дейін жалғасты. Батумиге демалуға келген туристер де, қала тұрғындары да қазақтың үлттық күресін бір кісідей тамашалды.
23 жастағы грузин балуаны Гурам Тушишвили абсолютті чемпион атанды. Ендігі мақсаты - 2018 жылы Бакуде өтетін Әлем чемпионатында алтын медаль алу.
"Осы чемпионатқа қатысу мен үшін ғлкен құрмет. Былтыр Қазақстанда екінші орын алдым. Мен үшін үлкен тәжірибе болды. Грузин күресі мен қазақ күресі бір-біріне қатты ұқсайтын болған соң чемпион атандым деп ойлаймын",- деді абсолютті чемпион Гурам Тушишвили.
Сегіз салмақ бойынша 1-орынға 1000, 2-орынға 700, 3-орынға 500 АҚШ доллары табысталса, абсолютті салмақ дәрежесінде чемпион атанған балуанға 3000, 2-орынға 2000, 3-орынға 1000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.
Чемпионат соңы керемет от-шашумен аяқталды.
55 келі
1-орын Винок Преволсек (Словения)
2-орын Агасиф Самадов (Әзербайжан)
3-орын Лери Бединадзе (Армения), Намет Гулмез (Түркия)
60 келі
1-орын Иракли Купатадзе (Грузия)
2-орын Гкадких Павел (Белоруссия)
3-орын Овсепян Вааг (Армения), Артем Анисимов (Ресей)
66 келі
1-орын Тристан Пеикришвили (Грузия)
2-орын Петр Жуков (Ресей)
3-орын Артем Фалкифский (Украина), Григориян Вардан (Армения)
74 келі
1-орын Манукян Кикворх (Украина)
2-орын Анзор Хмиядашвили (Грузия)
3-орын Али Турсунов (Ресей), Эмиль Хасанов (Әзербайжан)
82 келі
1-орын Себастян Марсинкиевич (Польша)
2-орын Цуих Дмитро (Украина)
3-орын Энтони Ятовит (Австрия), Бармия Иракли (Ресей)
90 келі
1-орын Дэвид Имерешвили (Грузия)
2-орын Сакахян Григорь (Армения)
3-орын Томас Сжепаняк (Польша), Бахтияр Аббасов (Әзербайжан)
100келі
1-орын Лаша Тавелури (Грузия)
2-орын Гиунашян Гор (Армения)
3-орын Жуков Игорь (Белоруссия), Шэйн Мэнин (Ирландия)
+100 келі
1-орын Бобиков Роман (Ресей)
2-орын Георгий Кавтарадзе (Грузия)
3-орын Леонид Гасюк (Украина), Веселин Иванов (Болгария)
Абсолютті салмақ
1-орын Гурам Тушишвили (Грузия)
2-орын Веселин Иванов (Болгария)
3-орын Петр Томаш Талач (Польша)
Назерке Абибулла
24 маусым 2018 ж. 851 3

Гость JeaOrer от 11 ақпан 2019 16:35
Cialis Forum cialis overnight shipping from usa Stendra 50mg Erectile Dysfunction Exeter

Гость JeaOrer от 3 наурыз 2019 22:22
Levitra En La Farmacia Cephalexin And Hcpcs Treat Acne With Amoxicillin cheap cialis online Best Levitra Price Dog Medicine Keflex

Stevnohope от 8 мамыр 2019 14:32
Maxifort Zimax 100 Mg Kamagra Jelly Wiki Canadian Pharmacy Price Check viagra Acheter Sildenafil