Қытай жоғары сапалы дамуға көңіл бөледі - Си Цзиньпин
Қытай жоғары сапалы дамуға көңіл бөледі. Жексенбі күнгі Қытай коммунистік партиясының (ҚКП) ХХ Съезінің ашылуында ҚКП Орталық комитетінің (ОК) Бас хатшысы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Материалдық және технологиялық жағынан берік іргетас болмаса, барлық жағынан мықты Социалистік заманауи мемлекет құру мүмкін емес», - деді Си Цзиньпин есеп беру баяндамасында.
«Материалдық және технологиялық жағынан берік іргетас болмаса, барлық жағынан мықты Социалистік заманауи мемлекет құру мүмкін емес», - деді Си Цзиньпин есеп беру баяндамасында.
Оның айтуынша, жоғары сапалы даму Қытайдың басты басымдығы болып қала береді, ал реформалар социалистік нарықтық экономика мен жоғары деңгейдегі ашықтық бағытында жүргізілетін болады.
Си Цзиньпин Қытайдың соңғы жылдары ғарыштық және атомдық жобаларды, ауыр компьютерлерді құруды және фармацевтикада қолданылатын биологиялық технологияларды қоса алғанда, бірқатар негізгі технологияларда серпіліс жасағанын айтты.
Ол сонымен қатар білім, технология және талант Қытай дамуының негізі екенін баса айтты.
ҚКП Орталық комитетінің Бас хатшысы Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын қабылдағанын, оның халықаралық ынтымақтастық алаңына айналғанын атап өтті. Қытай 140-тан астам ел мен аймақтың негізгі сауда серіктесіне айналды, жалпы тауар саудасы бойынша әлемде бірінші орынға шықты, сонымен қатар шетелдік инвестиция мен сырттан инвестиция тартуда көш бастап келеді.
16 қазанда Бейжіңде Қытай коммунистік партиясының ХХ съезі ашылды.