Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АҚШ-та адам тәріздес робот пайда болды

АҚШ-та адам тәріздес робот пайда болды

Әйгілі америкалық кәсіпкер Илон Маск адам тәріздес «Оптимус» деп аталатын роботты таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірегей құлтемір халыққа «Тесла» компаниясына арналған көрме кезінде паш етілді. Сахнаға шыққан робот жиналғандарға қолын бұлғап, кейін би биледі. Масктың айтуынша, «Оптимус» адамдардың қимыл әрекетін бақылап, оларды қайталай алады. Саусақтарымен шағын заттарды ұстап, түрлі қозғалыстар жасайды. Кәсіпкер оны күнделікті өмірде пайдалантындай дәрежеге жеткізу үшін әлі көп сынақ жүргізу қажет деп отыр.

Илон Маск, Tesla компаниясының бас директоры:

– Біздің мақсатымыз түрлі істерді атқаруға көмектесетін адам тәріздес робот құру. Келешекте Тесла «Оптимус» сияқты құлтемірді миллиондап шығаруға ниетті. Оның құны да көлікке қарағанда арзан болады. Оптимустың келешегі зор. Ол жұмыс күші тапшылығы мен кедейшілік мәселесін шешуге көмектеседі деп ойлаймын.
03 қазан 2022 ж. 1 232 0