Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қырғызстан Тәжікстанға наразылық нотасын жолдады

Қырғызстан Тәжікстанға наразылық нотасын жолдады

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі ортақ келісімді бұза отырып, қарулы күштер мен ауыр техниканы пайдаланған тәжік тарапына шекаралық және азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны үшін наразылық нотасын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғыздар атысты тоқтатуды және әскерді кейін шегіндіруді талап етіп, шекарадағы барлық мәселелерді тек саяси және дипломатиялық жолмен шешу керектігін атап өткен.

Еске салсақ, бүгін таңертең тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстан 11 адам зардап шекті. Олар Баткен облыстық ауруханасына жатқызылған.
16 қыркүйек 2022 ж. 724 0