Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Жер сілкінгенде өздігінен көтерілетін үй

Жер сілкінгенде өздігінен көтерілетін үй

Жапонияның инженер-архитекторлары сейсмикалық аймақтарда үй салудың жаңа моделдеріне көшті. Мұндай ұлы инженерлік-архитектуралық шешім жапондық мамандардың ойына Фукусима АЭС-ы жарылғаннан кейін келген.

Осыдан біраз уақыт бұрын Жапонияның Хонсю аралында Фукусима АЭС-ы жарылып, мыңдаған адам қырылып, 130 млрд доллар шығынға батқан болатын. Міне, сол тарихи апаттан кейін жапон ғалымдары осындай ұлы идеяларды іске асырып отыр. Елдегі «Air Danshin» компаниясының ғалымдары мен мамандары жер қозғалғанда аспанға көтеріліп кететін үйдің конструкциясын жасап шықты. Үйдің төменгі фундаментіне сенсорлық құрылғылар қойылған. Бұл төмен орналасқан құрылғылар жер қозғалған уақытта толқындардың жиілігін фиксациялап, жоғары жүйелерге сигналдар жіберіп, жердің қозғалып жатқанынан хабар береді. Дәл осы сәтте сигналдардың жиілігін қабылдаған қуатты компрессорлар ғимарат пен фундамент арасындағы жаймаға (подушка) үлкен күшпен ауаны жібереді. Бұл процесс небәрі 5-7 секунд ішінде ғана іске асады. Себебі, ғимарат қирап қалмау үшін процесстің орындалуын мамандар осылай тез жетілдіріп, қамтамасыз еткен.

Қуатты компрессормен үрленген подушка немесе жайма 5-7 секунд ішінде 4-5 см биіктікке ғимаратты жоғары көтеріп жібереді.  Осының өзі ғимаратты қираудан, адамдардың өмірін сақтап қалуға толық жеткілікті болады. Подушка ауаны жеткілікті көлемде қабылдап, компенсациялап, ғимаратты жер сілкінісі тоқтағанша ауада көтеріп тұрады. Подушкамен бірге ғимараттың өзі де жердің тербеліс амплитудасымен бірге ауада қозғалып тұра береді. Бұл ғылыми өнертабыс ғимаратты 7-9 баллдық жер сілкінісінен де қорғап қала алады.

Дәл қазір Жапонияда 9000 үйге осы құрылғылар қабылданып, жер сілкінгенде қауіпсіздік шаралары іске асып жатыр. Бұл технология қымбат болғанымен, жер сілкінісі өте жиі қайталанатын Жапония үшін таптырмас инженерлік шешім болды деп санайды жапондықтар.






12 маусым 2022 ж. 308 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам